Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Сұйытылған газ бағасы өсті

Сұйытылған газ бағасы өсті

2024 жылғы 1 шілдеден бастап сұйытылған мұнай газының тоннасына көтерме сауданың шекті бағасы 45 158 теңгені (бұрын – 40 320 теңге) құрайды.

2024 жылғы 1 шілдеден бастап сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізудің шекті бағасының өсуіне байланысты автомобиль газының құны:

Астана – литрі 84 теңге (бұрын 76 теңге);
Алматы – 89 теңге (81 теңге болды);
Шымкент – 70 теңге (64 теңге болды);
Ақтөбе облысы – 59 теңге (54 теңге болды);
Атырау облысы – 59 теңге (54 теңге болды);
Ақмола облысы – 84 теңге (76 теңге болды);
Алматы облысы – 89 теңге (81 теңге болды);
Шығыс Қазақстан облысы – 84 теңге (76 теңге болды);
Жамбыл облысы – 78 теңге (71 теңге болды);
Батыс Қазақстан облысы – 70 теңге (64 теңге болды);
Қостанай облысы – 84 теңге (76 теңге болды);
Қызылорда облысы – 70 теңге (64 теңге болды);
Қарағанды облысы – 84 теңге (76 теңге болды);
Маңғыстау облысы – 59 теңге (54 теңге болды);
Павлодар облысы – 81 теңге (74 теңге болды);
Солтүстік Қазақстан облысы – 89 теңге (81 теңге болды);
Түркістан облысы – 70 теңге (64 теңге болды);
Абай ауданы – 84 теңге (76 теңге болды);
Жетісу облысы – 84 теңге (76 теңге болды);
Ұлытау облысы – 84 теңге (бұрын 76 теңге).
№232 және №233 бұйрықтар 2024 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

Бұған дейін Энергетика министрлігі сұйытылған газды өндірудің рентабельсіздігіне байланысты оның бағасын көтеруді жоспарлап отырғанын хабарлаған, сондай-ақ өсудің басқа да бірқатар себептерін атаған.

Фото: Pixabay

02 шілде 2024 ж. 190 0