Қызылорда облысында 13 грант IQANAT-2024: ШЫН МЫҚТЫҒА ТҰСАУ ЖОҚ
IQANAT олимпиадасының республикалық кезеңінде Сыр өңірінің өрендері білім бәсекесінде өңірдің өресі биік екендіктерін тағы бір дәлелдеді.
Олимпиаданың жалпы көрсеткіші бойынша Қызылорда облысының қоржыны 13 грантпен толықты.
Атап айтсақ, 7 грант толық мектепте оқуға арналған болса, 6 грант білім алуына 50% жеңілдікпен қамтамасыз етілетін болады.
Жетістікке жеткен жеткіншектерге тоқталар болсақ "IQANAT High school of Burabay" мектебіне үш жыл толықтай оқуға мүмкіндікті жеңіп алған Жалағаш ауданы, Таң ауылы, 118 орта мектептің оқушылары Атымтаева Еркемай Рахымбекқызы, Оразбек Айгерім, Шиелі ауданы, Шиелі кенті, 45 Ақ орда мектеп-гимназиясының оқушылары Оразай Ғияс Исмаил, Манап Ұлпан Абдуашимқызы, Ш. Уәлиханов атындағы 127 мектеп-лицейінің оқушысы Сафи Нұрмұхаммеджан Даулетиярұлы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Жанқожа батыр атындағы 70 мектептің оқушысы Айтуған Жанел Нұрланқызы, Арал ауданы, 74 орта мектептің оқушысы Тоқтамыс Нұрғиса Қасенұлы.
Жартылай грант жеңімпаздары болып Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Жанқожа батыр атындағы 70 мектептің оқушысы Айдарбек Еділ Төребайұлы, Шиелі ауданы, 46 А.С.Пушкин атындағы мектеп-лицейінің оқушысы Қайырбек Нұрсила, Сырдария ауданы, Айдарлы ауылы, 139 орта мектебінің оқушысы Сейілхан Іңкәр, Жалағаш ауданы, Әл-Фараби атындағы 201 мектеп-лицейінің оқушысы Қайназар Кәусар Олжасқызы, Шиелі ауданы, Жөлек ауылы, 152 орта мектептің оқушысы Әбілқасым Айзере Сейтқасымқызы, Шиелі ауданы, 47 М.В.Ломоносов атындағы мектеп-лицейінің оқушысы Махамбетияров Бекарыс Еркінұлы таңылды.
Бағы мен бабы қатар келген Сыр елінің жеңімпаздарын құттықтай отырып, білімдерін шыңдауда еш қанаттарың талмай, әлемнің ең жоғарғы оқу орындарында білім алуды нәсіп етсін деп тілек білдіреміз.
Қызылорда облысының білім басқармасының баспасөз қызметі