Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АҚПАРАТҚА ТОЛЫ КЕЗДЕСУ

АҚПАРАТҚА ТОЛЫ КЕЗДЕСУ

Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі Емелбаев Руслан Тохтарбекұлы Шиелі ауданына арнайы іссапармен келді.
Ата-аналар мен бітіруші түлектер қатысқан кездесудің негізгі мақсаты- Ғылым және жоғары білім министрлігі тарапынан жүргізілген статистикалық зерттеулер нәтижесі бойынша гранттар мен мамандықтарға қатысты сараптамалар қорытындысын бітірушілер мен ата-аналарға таныстыра отырып, мамандық таңдауда қателіктерге жол бермеу, 100% жоғары оқу орнының грант иегері атануда таңдауды дұрыс жасауға бағыттар көрсету болды.
Руслан Тохтарбекұлы “Грант түрлері мен талапкер жол картасы” тақырыбында статистикалық мәліметтер ұсынып, грант конкурсына қатысқанда қандай қателіктер жіберуге болмайтындығы жөнінде маңызды ақпараттармен бөлісті.
Сонымен қатар, жиынға арнайы спикер ретінде “Educon” компаниясының профориентаторы, грант аналитігі – Киіков Бақытбек Бектасұлы қатысып, “4 мамандық, 4 университет” тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Шара барысында оқушылар мен ата-аналар тарапынан қызықтырған сұрақтарға жауап берілді.
24 маусым 2024 ж. 152 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

№76 (9240)

24 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031