Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Еуропалық қазақ Жәнібектің әкесі табылды

Еуропалық қазақ Жәнібектің әкесі табылды

Еуропалық қазақ Жәнібектің әкесі табылдыЕуропадан туған анасын іздеп, Қазақстанға келген Жәнібек Жұмағұловқа қатысты тың дерек шықты, деп жазады turkystan.kz Qaz365.kz-ке сілтеме жасап.
Журналист Қымбат Досжанның айтуынша, Жәнібектің туған әкесі табылған. Алайда оның өмірден өтіп кеткені анықталды.
Соңғы уақытта біз үнсіз жүргенімізге қарап ашылған қылмыстық істі тоқтатып тастады деп ойламаңыздар. Зерттеу жұмысы бір сәтке де тоқтаған жоқ. Кеше мен Арқалық қаласының полиция қызметкері Саят Исламовпен бірге Қарағанды қаласына барып келдім. Зерттеу барысында Жәнібектің әкесі болуы мүмкін деген ер адам анықталды. Өкініштісі, ол кісі өмірден өткен болып шықты. Сондықтан марқұмның жақындары мен ет жақын адамдарымен сөйлесу үшін полиция қызметкеріне еріп, өзім арнайы барған едім, бірақ туыстары сөзімізге, өтінішімізге құлақ аспады. ДНҚ тестіне қан тапсырудан бас тартты, - дейді Қымбат Досжан.
Сондай-ақ редакцияға анонимді түрде Жәнібектің туған әкесімен бірге жұмыс істеген азамат хабарласқан. Ол Жәнібектің туған әкесінен аумай қалғанын атап өткен.
Бізге қоңырау шалған аноним марқұмның сөйлеген сөзі, жүріс тұрысы Жәнібектен аумайтын еді, біз бірнеше жыл бірге жұмыс істедік» деді. Тіпті, марқұмның жас кезіндегі суретке қарап, біз де Жәнібек баламызды көргендей болдық. Амал қанша, марқұмның туыстары тағы да ойланып, оң шешім қабылдайды деп күтеміз. Жәнібек «Егер осы әулеттің баласы болып шықсам, олардың ақшасына немесе дүние мүлкіне таласым жоқ д

16 маусым 2024 ж. 104 0