Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаздың алғашқы күні ауа райы қандай болады?

Жаздың алғашқы күні ауа райы қандай болады?

Синоптиктер көктем айының соңғы күндері мен жаздың алғашқы күніне арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлады Egemen.kz.
«Қазгидромет» РМК мәліметіне көз жүгіртсек, алдағы үш тәулікте солтүстікте, солтүстік-батыста, шығыста және орталықта, 1 маусымда республиканың батысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады, бұршақ түсіп, екпінді жел соғады.

«Қазақстанның оңтүстігінде жоғары қысымның әсерінен жауын-шашын тоқтайды. 31 мамырда солтүстік-батыста, 31 мамыр-1 маусымда солтүстікте, 1 маусымда елдің шығысында, күндіз республиканың басым бөлігінде ауа температурасы біртіндеп көтеріледі», деді мамандар.

Республиканың батысында, оңтүстігінде ауа температурасы +27+35°С дейін, елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында +15+25°С дейін, оңтүстік-шығыста +22+27°С дейін, шығыс аймақтарда +10+20°С дейін төмендейді деп болжанып отыр.

Фото: needpix.com

30 мамыр 2024 ж. 205 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№33 (9300)

06 мамыр 2025 ж.

№32 (9299)

30 сәуір 2025 ж.

№31 (9298)

29 сәуір 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031