Келбетті спорт кешені есік ашты
Белгілі кәсіпкер, білім меценаты Сейітқали Алшынбаев Үкіметтің білім беру саясатына қатысты ұстанымдарын негізге ала отырып, облыстың үздіксіз білім беру саласына қомақты инвестиция салып, үделі үлес қосып келеді.
С.Алшынбаев басқаратын «Нұр-Ай» құрылыс компаниясы іргесін қалаған 4 балабақша мен «Зерде» интеллектуалдық мектебін, Смағұл Ысқақов атындағы құрылыс және бизнес колледжін қызылордалықтар сымбатты келбетінен, сыртқы бояуынан да жазбай таниды. Осы ғимараттарға осындай бейнемен колледж базасына қарайтын тағы бір тамаша спорт кешені қосылды.
Бұл кешен құрылысына 1,7 млрд теңге қаржы жұмсалған, көлемі 2700 шаршы метрді құрайды. Қала жастары кешенде шағын футбол, волейбол, таеквандо, үстел теннисі, шахмат, тоғызқұмалақ секілді ондаған спорт түрімен шұғылдана алады.
Кеше осы әсем ғимараттың ашылу салтанатына облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қатысып, сөз сөйледі. Аймақ басшысы өз сөзінде облыста атқарылып жатқан игі істерге тоқталып, халық игілігіне берілген бірқатар әлеуметтік нысандарды атады.
– Өткен жылы аймаққа арнайы сапармен келген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы жас спортшылармен кездесуінде «Спортпен шұғылдану керек. Әсіресе, өздеріңіз сияқты жастарымыздың дені сау, мықты азамат болып өсуі қажет. Жастардың дені сау болса, мемлекет те қуатты болады» деген еді. Спорт елдің мерейін тасытып, жеңімпаздық рух сыйлайды, жастарды табандылыққа, тәртіпке баулиды.
Президент пен Үкіметтің қолдауының арқасында өңірлер арасында көшбасшылар қатарынан көрініп келеміз. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 12 300 орынға арналған 21 мектеп салынуда. Былтыр 10 мектептің құрылысы басталса, биыл тағы 11 мектептің құрылысы жүргізіледі. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында өткен жылы елді мекендерде 15 жаңа дәрігерлік амбулатория, 1 медициналық бекет ел игілігіне табысталды.
Спорттық нысандар құрылысы да қарқын алды. Қызылорда қаласында құны 2 млрд 700 млн теңге болатын үстел теннисі орталығының құрылысы жүруде. Сырдарияның сол жағалауынан халықаралық стандарттарға сай, жабық бассейні бар көпсалалы денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталды, 10 мың орындық жаңа стадионның іргетасы қаланды. Былтыр 7 денешынықтыру-сауықтыру кешені ел игілігіне табысталды, биыл аудандарда 15 кешенді қолданысқа береміз, – деді аймақ басшысы.
Сонан соң аймақ басшысы кәсіпкер С.Алшынбаевқа облыстың Құрмет грамотасын, ал спорт кешені құрылысын салған мамандарға Алғыс хаттар табыстады.
Мұнан әрі облыстың құрметті азаматы, білім меценаты Мұрат Бақтиярұлы сөз сөйлеп, көпшілікке құтты болсын айтты және кәсіпкердің салауатты өмірді қалыптастыруға қосқан үлесін атап өтті.
Кәсіпкер С.Алшынбаевтың өзі сөз алып, бұл спорт кешенінің республикалық, халықаралық дәрежедегі кез келген спорттық шараларды өткізуге дайын екенін мәлімдеді. Әрдайым жақсы іске қолдау білдірген облыс басшылығына, барша тілекші ағайынға ризалық білдірді.
Ардагер ақсақалдар кешеннің көк желегін қиды. Облыс әкімі кешеннің спорт залында волейбол ойнап жатқан жасөспірімдермен суретке түсіп, олардың добына қолтаңбасын қойды.
Бұл кешенде тек колледж оқушылары ғана емес, қала жастарының жаттығуына мүмкіндіктер жасалған.
Айта кетейік, биыл Сыр спортшылары әлемдік ареналарда өнер көрсетіп, облыс қоржынына 54 медаль салса, республикалық чемпионаттар мен кубоктардан 245 жүлде иеленді. Басты жетістік – Қамшыбек Қоңқабаев бокстан, Айдос Сұлтанғали грек-рим күресінен Париж олимпиадасына, отырып ойнау волейболынан қос бірдей спортшымыз Эрик Қасқабаев пен Шыңғыс Медеуов паралимпиадаға жолдама алды. Дзюдо, парадзюдодан да үміткерлер бар.

Дүйсенбек АЯШҰЛЫ,
«Сыр бойы»