Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Орталық Азиядағы сауда қатынасы қай деңгейде?

Орталық Азиядағы сауда қатынасы қай деңгейде?

Әлемдік сауда интеграциясындағы ендігі үрдістің беталысы белгілі болып қалды: «Қиындықтарға қалай қарсы тұрамыз және мүмкіндіктерімізді игере аламыз ба?» деген мәселе күн тәртібіне берік орнықты. Бұл – Орталық Азия елдерінің №1 проблемасы.

Орталық Азиядағы сауда қатынасы қай деңгейде?

Алматыда өткен Орталық Азия­ның 13 сауда форумына қа­тыс­қан спикерлер бұл мәселе­лер­дің бә­рін елдер арасындағы тығыз ын­т­ымақтастық арқылы ғана шешуге болатынына назар аударды. Әлемнің күрделі геосая­си ауысулар алдында тұрғаны да форум спи­керлерінің назарынан тыс қалмады.
«Біз он жылдан астам уақыт бұрын сауда ынтымақтастығын арт­тыру тұрақты, гүлденген және өзара байланысты Орталық Азия­­ны құра алады деген се­нім­мен дү­ниеге келген осы форум­ды қол­дай­ты­нымызды мақ­тан тұ­­та­мыз», деді USAID әкімшілігінің аға орынбасары Зейнах Салахи.
Форум өткізіле бастаған он­да­­ған жылдан бері оған Орта­лық және Оңтүстік Азияның, Еуропа мен АҚШ-тың 25 елінен 10 мыңнан астам мемлекеттік және коммерциялық құрылым өкілдері қатысып, нәтижесінде, 32 миллион доллардан асатын келісімшарт жасалған. Кейінгі 20 жылда өңірдің жиынтық ішкі жалпы өнімі (ІЖӨ) нақты мәнде жылына орта есеппен 6,2 пайызға өсіп, 347 миллиард долларға жетті. 2000 жылдан бері сыртқы сауда айналымы жеті есе өсті. 2022 жылы Орталық Азия елдерінің импорты мен экспортының жиынтық көлемі шамамен 190 миллиард долларды құраған.
Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаевтың айтуынша, Орталық Азия елдері­мен сауда көлемін екі есеге арттыру жоспарланып отыр. Оның сөзінше, өткен жылы Қазақ­станның Орталық Азия елдерімен сауда көлемі 7,7 миллиард дол­ларға жеткен.
«Орталық Азия елдері те­ңізге шыға алмайтындықтан, ай­мақ­ішілік сауда үлкен рөл атқарады. Сауда – кез келген елдің экономикалық дамуының негізгі факторларының бірі. Мұнда қатысушылар қағазсыз сауданы, жұмсақ және дәстүрлі инфрақұрылымды, электронды коммерцияны талқылайды, сонымен қатар елдер бойынша белгілі бір тақырыптық сессиялар бар. Елдер арасындағы экономикалық байланыстар қарқынды дамып келе жатыр және ол инфрақұрылымға тәуелді. Халықаралық ұйымдармен, соның ішінде USAID-пен бірлесіп саланы сараптау жұмысы жүр­гі­зіліп жатыр. Нәтижесінде, тиіс­ті жол картасы қабылданды. Со­ны­мен қатар біз Дүниежүзілік сауда ұйымы аясында өзімізді тәртіпке келтіреміз және жақын арада қайта қарау болады, онда біз өзімізге алған міндеттемелерді тексереміз. Сондай-ақ Транс­каспий халықаралық көлік бағы­ты­ның да маңызы ерекше. Ол еліміздің ғана емес, бүкіл Орталық Азия елдерінің Еуропаға шығатын қақпасы. Себебі орта дәлізге (TMTM) жататын Баку – Тбилиси – Карс (БТК) теміржолында жүк тасымалы 2024 жылдың 20 мамырында қайта бас­талады. Жаңартылғаннан кейін теміржолдың өткізу қабілеті жылына 1-1,5 миллион тоннадан 5-6 миллион тоннаға дейін артады», деді Қайрат Төребаев.
Форум барысында негізгі назар сауда-экономикалық өзара іс-қимылды және транзит-көліктік саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуге аударылды. Цифр­лан­дырудың логистикалық саланы дамытудың негізгі драйвері екені жалпыға бірдей мойындалса да жүктерді тасымалдау үдерісінде реттелмеген қал­тарыс­­тардың көп екені айтылды. Пікірталас алаңдарында қандай идеялар естілсе де, ең алдымен Орталық Азия мемлекеттері басшыларының саяси ерік-жі­ге­рі қажет екені де сөз болды.
Көлік министрлігі Көлік сая­саты басқармасының басшысы Әсемгүл Рахметованың айтуынша, Қазақстан аумағы арқылы 13 көлік дәлізі өтеді. Биыл төрт ірі жобаны аяқтау жоспарланып отыр екен. Олар – Орталық-Оңтүстік, Талдықорған-Өскемен, Ақтөбе-Қандыағаш және Атыраудан республика ше­ка­расына дейінгі аралық: Маңғыстау облысымен ең қысқа байланысты қамтамасыз ету және арақашықтықты қысқарту үшін ұзындығы 515 шақырым болатын Бейнеу – Шалқар тасжо­лы­ның құрылысы.
2024 жылдың наурыз айында Қытайдың Сиань қаласынан Баку порты арқылы Әзербайжанның Апшеронына небәрі 11 күнде жеткен контейнерлік пойыз іске қосылды. Жүктерді халық­ара­лық автомобильмен тасымал­дау үдерісі тек ұлттық заң­на­­­мамен ғана емес, сондай-ақ тиісті халықаралық конвенция және нормалармен де жоғары дең­­гейде реттеледі. Олардың әр­қай­сы­сы қағаз жүзінде қандай да бір құжатты талап етеді. Қазір Орталық Азия елдерінің де, жа­һандық ауқымның да міндеті осы құжаттардың барынша көп бөлі­гін цифрлық шешімдерге көшіру екенін сарапшылар да жиі айтады.
 
АЛМАТЫ 
21 мамыр 2024 ж. 133 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930