Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауғанстаннан 200 адамнан тұратын делегация келді

Ауғанстаннан 200 адамнан тұратын делегация келді


фото: twitter.com/SZhumangarin

Ауғанстаннан Қазақстанға 200-ден астам адамнан тұратын делегация келді. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин жазды.

Министрдің айтуынша, жуырда Астанада B2B келіссөздері, бизнес-форум, ауған тауарларының көрмесі сияқты ауқымды шаралар өтеді.

Ауғанстан Орталық Азия елдерінің ішінде Қазақстанмен ең көп сауда жасайды, ынтымақтастықты дамыту үшін зор әлеуетіміз бар, - деп жазды Серік Жұманғарин. 3-5 тамыз аралығында Астанадағы «Expo Center» көрме орталығында өтетін Қазақстан-Ауғанстан іскерлік форумына келетін ауған кәсіпкерлерінің арасында кілем, сусындар мен асыл тас өндірушілер бар.

Сауда министрлігінің мәліметінше, Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы екіжақты сауда-саттық айналымы 1 миллиард долларға жетті. Екі тарап бұл көрсеткішті 3 млрд долларға дейін арттыруды жоспарлап отыр.
02 тамыз 2023 ж. 290 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031