Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қандастарға жасалған қамқорлық

Қандастарға жасалған қамқорлық

Қандастарға жасалған қамқорлықМәжіліс қабылдап, Сенат мақұлдаған соң, Ақордаға жолданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі салаларындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бо­йынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға Мемлекет басшысы қол қойды. Бұл жаңалық еліміздің заң шығару ісіндегі үлкен ізденістің, ұзақ жылғы сараптау, зерделеудің жемісі, мемлекеттің сот-құқықтық жүйесінің тағы бір кәсіби қадам басқаны деп бағаланып отыр.

Заңдағы негізгі жаңалықтың бірі – террористік-экстремистік ұйымдарға немесе кәмелетке жасы толмаған адамдарға қарсы жыныстық сипаттағы қылмыс жаса­ған азаматтардың немесе қылмыс әлемі «серке­лері­нің», қылмыстық топтардың мүшелері­нің шекарадан кіруіне тыйым салынады.
Жалпы, біз бір нәрсені ескеруіміз керек. Қазір әлемдегі геосаяси ахуал күрделеніп, көп ел тұрақсыз, алмағайып кезеңді бас­тан өткеріп жатыр. Осы тұста мемлекеттің қауіпсіздігі ең басты назарда тұр. Елге келіп жатқан азаматтардың тегін, осыған дейінгі өміріндегі ұстанымын зерттеу-зерделеу – өте маңызды. Жалған құжат, жалған куәліктермен қандас құқығына ие болған фактілер бар. Осыған орай елге келушілердің географиясының кеңеюіне байланысты сол мәселені кеңірек сараптап, зерделеу қажет. Айталық, мемлекетімізге келетін азаматтардың тіліне, басқа да ерекшеліктеріне қарап, оларды ажырату мүкін емес болатын жағдайлар кездеседі. Сондай жағдайда ендігі жерде тіпті генетикалық сараптама жасауға дейін мүмкіндік бар.
Бұл заң – уақтылы қабылданған әрі қажетті нормалар қамтылған құжат. Әлемдегі террористік қатердің, қауіптің қаншалықты ауқымды екенін кейінгі уақыттағы оқиғалар айқындап, дәлелдеп отыр. Сондықтан бұл заң ұлттық қауіпсіздік тұрғысынан барынша жетілдірілді. Заңның басты ерекшелігі, басымдығы да – осында.
Бұдан бөлек, ішкі қоныстанушыларға, жұмыс күші көп, халық тығыз қоныстан­ған оңтүстік өңірлерден солтүстікке қоныс тепкен, шетелден көшіп келген қандас бауырларымызға да көп мүмкін­дік қарастырылған. Атап айтсақ, шетелден көшіп келген қандастар Үкімет белгілеген өңірлерге қоныстанған жағдайда оларға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдері келесі біреуге пайдалануға беру құқығынсыз, жалдау құқығымен бес жыл мерзімге конкурссыз негізде беріледі. Бұл – үлкен жеңілдік, мемлекеттің қандастарға жасап отырған жақсылығы, көрсетіп отырған қамқорлығы. Конкурссыз жер беру – қазіргі таңда еліміздегі мүмкін емес, күрмеуі қиын мәселе. Сондықтан заңда ауыл шаруашылығымен айналысамын деген қандастарға тиімді жеңілдік қарастырылып, үлкен мотивация беріледі. Жұмыс күші жетпейтін шекаралас солтүстік өңірлерге бұл өте қажетті шешім болды.
Ұйымдасқан қылмыстық топтардың «серкелері», белгілі бір қылмыстық атауларға ие болған азаматтардың базасы, әсіресе ТМД елдері аумағында қалыптасқан. Бұл істі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі айқындап, айналысады. Олар қызметті бірнеше мемлекетпен байланысты деректер базасы арқылы жүргізеді. Яғни шекарадан өтуге құқығы жоқ тұлғалардың елге кіруін тежеп, тыйым салады. Жалпы, мұндай жүйе бізде ғана емес, бірқатар көршілес елде бар тәжірибе.
 
Жарқынбек АМАНТАЙҰЛЫ,
Мәжіліс депутаты 



18 мамыр 2024 ж. 139 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (9261)

06 желтоқсан 2024 ж.

№96 (9260)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (9259)

01 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031