Қазақстанда алғаш рет жеке меншік этнографиялық музей ашылды
Бүгін Халықаралық музей күніне орай Ақмола облысы Бурабай ауданы Щучинск қаласында «Nomadius» этнографиялық музейінің» салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚХА ғылыми-сарапшылық кеңесінің мүшесі Ж.О.Артықбаевтың жеке бастамасымен 2022 жылы қаланды. Бұл музейде бүгінгі күні қазақ халқының дәстүрлі этнографиясына, Еуразия халықтарының дәстүрлі материалдық және рухани мұрасына қатысты мыңдаған ескерткіш жинақталды.
«Nomadius» этнографиялық музейі» бірнеше құрамдас бөліктен тұрады: музейдің негізгі ғимараты, оған іргелес орналасқан алаңшалардағы шошала, ұста дүкені, киіз үй, ұлттық асхана т.б.
Профессор Ж.О.Артықбаев болашақта осы музей негізінде маңызды ғылыми зерттеулер жүргізетін этнографиялық орталық қалыптасатынына сенімді.
«Nomadius» этнографиялық музейі» бірнеше құрамдас бөліктен тұрады: музейдің негізгі ғимараты, оған іргелес орналасқан алаңшалардағы шошала, ұста дүкені, киіз үй, ұлттық асхана т.б.
Профессор Ж.О.Артықбаев болашақта осы музей негізінде маңызды ғылыми зерттеулер жүргізетін этнографиялық орталық қалыптасатынына сенімді.
Музейдің салтанатты ашылуына Ақмола облыстық әкімшілігінен, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Этносаяси зерттеулер институты мен «Қоғамдық келісім» РММ, «Ауыл» партиясының, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің, Түркістан, Павлодар областарының ғалым-сарапшылары, әлеуметтанушылары, басқа аймақтардан қонақтар қатысты. «Nomadius» музейінде қазақтың және Еуразияның далалық бөлігін мекендеген көптеген басқа халықтардың дәстүрлі мәдениетіне қатысты заттар, көптеген тарихи жәдігерлер жинақталған.
Еуразия номадтарының мәдени мұрасы ғалымдар үшін қызықты және қоғам үшін өзекті. Бұл жерде кілемдердің, қозғалыс құралдары және ат әбзелдерінің, музыкалық аспаптардың, сонымен бірге қару-жарақ түрлерінің, оюланған ағаш заттардың, керамиканың, зергерлік бұйымдардың, кестелердің, полихром заттар мен әшекейлердің бірегей коллекциялары жинақталған. Заттық мәдениет үлгілерінен басқа бұл жерде ұлттық дәстүрлер мен рәсімдер сипатталған сирек кездесетін кітаптарды, фильмдерді, фотографияларды, суреттер мен эскиздерді көруге болады.
Музейдің сыртқы экспозциялары құрамында: Шошала, Ұстахана, Киіз үй және шарушалылық мәдениеті, үлкен экспозициялардың бірнешеуі музей ғимаратына кіреберісте орналасқан.
Ұлттық асхана - Музей алдындағы алаңда бірнеше түскиіздер, қоржындар, ұлттық киім үлгілері, декоративті дүниелер т.б заттар ілінген.
Шошала - ағаштан қиып салған жазды күні ас дайындайтын, ет ыстайтын, зат сақтайтын ағаштан бұрап салған құрылысты көруге болады, Шошала генезисі энеолит дәуірінің үй-жайынан бастау алады және түркі халықтарында мыңдаған жылдар негізгі үй-жай қызметін атқарды.
Шошаланың жанында жада (шөп турайтын құрылғы), мойынтұрық, арқан есу құралы т.б. экпонаттар бар.
Ұстахана - көрік (от температурасын көтеру үшін қолданады)
Рәсімдік қорғанша - қазақ заманында жасалған тас шырағаданы бар.
Үлкен киіз үй - «Nomadius» этнографиялық музейінің кешеніне жеке тұрған бесқанат киіз үй.
Негізгі үлкен бөлме: қазақ киіз үйі және оның жасау-жабдығы.
Музей экспозициялары бірнеше негізгі блоктардан тұрады. Негізгі үлкен залдың ортасында дәстүрлі интерьерімен қазақ киіз үйінің сегменті, сонымен бірге шаруашылық заттары мен халықтық қолданбалы өнер туындылары орналасқан.
Қазақ киіз үйі бірнеше бөліктерден тұрады: кіреберіске қарама-қарсы жағы төр (сыйлы қонақтар отырады), төрден оңға қарай ер азаматтар, сол жақ әйелдер жағы болып есептеледі. Киіз үйдің ішкі іргелерін айнала ши тұтылып, оның үстінен түскиіздер ілінген. Төрдегі бірнеше жүкаяқ үстінде кілем, көрпе, алашалар т.б. жиналған. Киіз үйдің ер азаматтар жағында мылтық, бүркіт, жүген т.б. ер азаматтар қолданатын заттар орналасқан, әйелдер жағында – әртүрлі қолөнер заттары бар, сонымен бірге кебежеге салынған ас-аухат, ыдыс-аяқ ақ шимен бөлінген. Киіз үйдің кіре беріс бөлігін босаға жақ деп атайды.
Музейдің берген мәліметтерінің негізінде дайындаған «Қоғамдық келісім» РММ сарапшысы
Назгүл ДОСМАҒАНБЕТОВА