Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » БИЫЛ «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 10 МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

БИЫЛ «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 10 МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бастау алған болатын. Бұл бастама Сыр өңірінде де жалғасын тауып, 12 300 орынға арналған 21 мектеп салу жоспарлануда. Осыған сәйкес, биыл 10 мектеп, 2025 жылы 11 білім нысаны ел игілігіне пайдалануға беру жоспарлануда. Нәтижесінде, апатты мектептер мен орын тапшылығы мәселелерін оңтайландыруға мүмкіндік болмақ. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық білім басқармасының басшысы Асқарбек Есжанов хабарлады.
-Биыл облыста «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы шеңберінде 10 мектептің құрылысы басталады. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынатын білім беру ұйымдарын сапалы құрал-жабдықтармен жабдықтау жүзеге асырылады. Бұл өз кезегінде оқушылардың қауіпсіз және ыңғайлы білім алуына мүмкіндік болмақ. Осы жылы пайдалануға берілетін мектептерде оқушылар мен педагогтар саны нақтыланды. Сонымен қатар, дарынды балаларға арналған 400 орындық физика-математика бағытындағы мектеп-интернаты, Шиелі ауданындағы 100 орындық мектеп және жергілікті бюджет есебінен Жаңақорған ауданында 150 орындық мектептің құрылысы жүргізілуде. Бұдан бөлек, Арал ауданы, Тоқабай ауылындағы апатты мектеп және Ақшатау ауылындағы бастауыш мектептің жаңа ғимараты демеушілердің есебінен салынуда. Балаларды қосымша біліммен қамту мақсатында да жүйелі жұмыстар атқарылуда. Мәселен, 350 орындық заманауи Оқушылар сарайы мен жергілікті бюджет есебінен салынып жатқан Жаңақорған ауданында
200 орындық Оқушылар үйі және 50 орындық Өнер мектебі салынуда. Бұл нысандар жаңа оқу жылы қарсаңында ел игілігіне табысталады. Сондай-ақ, биыл балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығын шыңдау мақсатында облыс орталығында «Шығармашылық академиясын» салу жоспарлануда, - деді Асқарбек Темірбекұлы.
Брифинг барысында басқарма басшысы жазғы тынығу лагерьлерінің жұмысына да тоқталып өтті. Жалпы, өңірде 1-10 сыныпта оқитын 173 мыңнан астам оқушы бар. Бүгінде оның 98 пайызын жазғы тынығу лагері және еңбекпен қамту жоспарлануда. Облыс бойынша жазғы демалысты ұйымдастыруға 2 518 педагог, 38 белсенді студенттер мен 23 ерікті тартылмақ. Одан бөлек, қала сыртындағы 8 лагерьде 7 мыңнан астам бала демалса, аймақтан тыс жерде орналасқан лагерьлерде 5 646 оқушы демалыспен қамтылмақ.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
17 мамыр 2024 ж. 164 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930