Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » СОЛТҮСТІК ӨҢІРЛЕРДЕГІ БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТЕДІ

СОЛТҮСТІК ӨҢІРЛЕРДЕГІ БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТЕДІ

Азаматтарды тұрақты жұмыспен қамту – басым бағыттардың бірі. Бұл ретте жыл сайын ұйымдастырылатын Солтүстік өңірлердегі бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі жұмыссыз азаматтарға үлкен көмек беруде. Осыған орай, 16 мамыр күні қаланың сол жағалауында «Жетістіктер алаңы» бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі ұйымдастырылмақ.
Аталған шарада қызылордалықтарға Солтүстік өңірлердегі 3500-ге жуық бос жұмыс орны ұсынылады деп жоспарлануда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Жанар Дәулетбаева хабарлады.
-Күні ертең қаланың сол жағалауында жұмыс күші жетіспейтін өңірлерге қоныс аударуды ынталандыру мақсатында «Жетістіктер алаңы» бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Мұнда Солтүстік Қазақстан, Абай, Ұлытау облыстарынан келген делегация мүшелері облыс тұрғындарына тұрақты жұмыс орындарын ұсынады. Қоныс аударуға ниеті бар азаматтардың отбасы мүшелеріне 70 АЕК көлеміндегі бірретік қаржылай көмек беріледі. Сондай-ақ, тұрғын үйді сатып алу және салу үшін ақшалай төлем ретінде экономикалық ұтқырлық сертификаты ұсынылады. Бұдан бөлек, ай сайын тұрғын үйді жалдау және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша көмек көрсетіледі, - деді Жанар Жұмабекқызы.
Брифинг барысында Солтүстік Қазақстан облысы, Ұлытау, Абай облыстарынан келген жауапты сала өкілдері өңірлердегі бос жұмыс орындары мен әлеуметтік көмек туралы айтып берді.
- Біздің өңірге 2 700-дей адам қоныс аударады деп жоспарлап отырмыз. Бізде білім мен медицина салаларында бос орындар бар. Сондай-ақ, “Дипломмен ауылға” бағдарламасы бойынша қаладан, ауданнан келетін жас мамандарға қосымша 5 млн теңге көлемінле қаржы беру қарастырылған. Бұдан да өзге де салаларда бос жұмыс орындары бар. Екі қолға бір күрек іздеп келген мамандарға қолдау білдіруге әрқашан әзірміз, - деді Солтүстік Қазақстан облысы «Еңбек мобильділігі орталығының директоры Аман Төрегелдин.
- Біздің өңірде мал шаруашылығы қарқынды дамыған. Ауыл ақсақалдары мен көпбалалы отбасылар көшіп келетін болса оларға мемлекеттің қолдауынан бөлек, бес жыл бойы төрт түлікпен қамтасыз етуді көздеп отырмыз. Айта кету керек, былтыр көшіп келген отбасыларға 5 ірі қара мал, 10 ұсақ мал берілді. Біздің өңірге қоныс аударған азаматтарға қолайлы жағдай жасалады, - деді Ұлытау облысының «Еңбек мобильділігі» орталығының директоры Айдар Қойшыбаев.
- Егер Қызылорда облысында жұмыссыз жүрген жандар болса бізде, яғни Абай облысында мемлекеттік жұмысқа орналасам деген жандарға 300-ден астам бос жұмыс орындары қарастырылған. Тағы айта кететін жаңалық, 2023 жылдың қараша айынан бастап Абай облысында “Интеграциялау және емдеу” орталығы ашылды. Мәселен, біздің өңірге қоныс аударған азаматтар облысқа қарасты аудандарға көшуіне мүмкіндік бар. Оларға тұрғын-үй сатып алуға немесе өзі қалаған үйін салып алуға қаржы бөлінетін болады, - деді Абай облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының бас маманы Дархан Аюпов.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
16 мамыр 2024 ж. 123 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930