Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордалық оқушылар бас жүлде иеленді

Қызылордалық оқушылар бас жүлде иеленді

«Айбын» әскери-патриоттық жиыны жастар талап ететін сандық технологиялармен байланысты әскери-патриоттық тәрбиенің жаңа нысандарын жасауға және өскелең ұрпақтың ел азаматының жоғары патриоттық сезімдері мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етеді.
Сайыстың мақсаты – Қазақстан Республикасында әскери-патриоттық жұмыстарды жетілдіру болып табылады. Оған қатысушы жастардың қызығушылығы күн сайын артып, «Жас сарбаз» қозғалысының қатары толығуда. Жылдамдық пен ептілік, төзім мен күш сыналатын бәсеке осы жылы да өз жалғасын таппақ. ҚР Қорғаныс министрлігінің қолдауымен Алматы қаласында «Айбын» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиыны өткізіледі. Осы орайда, халықаралық жиынға қатысатын облыстық команданы қалыптастыру мақсатында облыстық әлеуметтік жобасы аясында «Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ және «Қызылорда облысының жастар одақтары» ҚБ-нің ұйымдастыруымен Б.Момынбаев атындағы №278 ақпараттық-технологиялық мектеп-лицейінде облыстық іріктеу туры өтті. Оған аймаққа қарасты аудандар мен қаладан 8 команда жасақталып, 8 түрлі сайыс бойынша бақтарын сынады. Атап айтсақ пневматикалық винтовкамен ату, АК-74 қаруын бөлшектеп және жинақтау, белтемірде тартылу, шалқалап жатып денені көтеру, әскерилендірілген эстафета, ұлдар арасында3000 метр жүгіру, қыздар арасында 1000 метр жүгіру, арқан тарту сайыстары бойынша оқушылар сынға түсіп, бақ сынады.
Сайыс қорытындысымен жалпы командалық есеп бойынша бас жүлде Қызылорда қаласына бұйырса, I орын - Арал ауданы, Ii орын - Жаңақорған ауданы, IІІ орын - Сырдария ауданы иеленді.
Ал бас жүлде иеленген Қызылорда қаласының командасы республикаға жолдама алды. Сондай-ақ, әр сайыстан үздік атанған жастар да марапатталып, арнайы сыйлықтар табысталды.

10 мамыр 2024 ж. 98 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№39 (9203)

18 мамыр 2024 ж.

№38 (9202)

14 мамыр 2024 ж.

№37 (9201)

10 мамыр 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031