Қиын да қызық мамандық иелері марапатталды
7 мамыр – Отан қорғаушылар күні қарсаңында ҚР ҰҚК ШК Кинология басқармасына жаңадан қабылданған әскери қызметшілер ант қабылдады.
Салтанатты ант қабылдау рәсімінен кейін басқарма бастығы, подполковник Рустам Сайдимаров мерейлі мереке қарсаңында борышын адал орындауға ант қабылдаған әскери қызметшілерді құттықтады. Ол өз сөзінде бұл рәсімнің алар орны айрықша екенін атай келе, әскери міндет қаншалықты қиын болғанымен, жарғыда көрсетілген талапты орындау басты міндет екеніне ерекше тоқталды. Жас сарбаздарды алдағы уақытта антына адал болып, қызметтерін мінсіз атқаруға шақырған басқарма бастығы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевтың құттықтау хатын оқып берді.
Мерекелік шара барысында қызметтік иттердің тәжірибесі мен даярлығы сараланған жарыс ұйымдастырылды. Жарыс қорытындысында мемлекеттік шекараның сенімді күзетілуін қамтамасыз ету ісіне қосқан үлесі мен қызметтік міндетін адал атқарғаны үшін бірқатар кинология мамандары марапатталды.
Салтанатты шарадан кейін кинология басқармасы бастығының орынбасары, полковник Нұрғали Нұрманов қызметтік иттердің емханасын, асханасын, жасына қарай бағылатын және түрлі бағыттар бойынша үйретілетін орындарымен таныстырды. Оларды бағып, баулумен қатар, басқарманың тарихына да кеңінен тоқталды.
Қызметтік иттерінің питомнигі 1976 жылы Ф.Дзержинский атындағы жоғары командалық шекара училищесінің бөлімшесі болып құрылған. 1982 жылы Қызыл Тулы Шығыс шекара округіне беріліп, округ әскерлеріне қызметтік иттерді өсіру, нұсқаушылар дайындау бойынша бөлім ұйымдастырылған. 1985 жылы құрылысы аяқталған питомник нысаны пайдалануға беріліп, 2125 әскери бөлімі деген шартты атаумен аталған. 1997 жылдан ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұйрығымен қызметтік иттер орталық питомнигі бөлек әскери бөлім болып қызмет істей бастаған.
«Біздің қызметтік кинология басқармасы еліміздегі шекара әскерлеріне жылына 300-ге жуық қызметтік ит дайындайды. Алдымен иттердің ата-тегі зерделенеді. Тұқым қуалайтын ауруының бар-жоғы анықталады. Бес туу бөлімшесінде таза тұқымнан дүниеге келген күшіктер арнайы орында екі ай бағылады. Ол жерге бөгде адам кірмейді. Төрт айдан кейін есірткі, жарылғыш заттар, валюта, құстарды, аң терісі мен мүйізін және адам іздеу, тағы басқа керекті бағыттар бойынша үйретіледі. Төртайлық кезінен қару немесе жарылғыш заттардың дыбысынан қорықпайды. Алты ай болғандарын еліміздің әр өңіріндегі шекара қызметінен келген әскерилермен бірге үйретіп, жаттықтырып, оларды бір-біріне бейімдейміз. Иттеріміз ТМД мен Орталық Азияда өткен сайыстарда жүлделі орындарды иеленіп жүр. Биыл наурыз айында біздің бір ит Еуропа чемпионы атанды», дейді подполковник Рустам Русланұлы.
Қызметтік кинология басқармасында негізінен бельгиялық, неміс, голландиялық ит тұқымдары өсірілетін болса, Президент тапсырмасы аясында өткен жылдан бастап тазы мен төбетті өсіріп, баулу эксперименті басталған.
Мемлекеттік шекараның тыныштығын қорғауда табандылық танытып жүрген шекарашылардың сенімді серігіне айналған қызметтік иттердің көмегі орасан зор. Статистикаға сүйенсек, шекарадағы құқықбұзушылықтың 80 пайызы иттердің көмегімен тоқтатылатын көрінеді. Бұл орайда ҚР ҰҚК шекара қызметінің қызметтік кинология басқармасы еліміз бойынша қызметтік иттерді үйрету мен олардың нұсқаушыларын дайындауға сүбелі үлес қосып келеді.
Алматы облысы