Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бұдан былай тұтас бір сызықты кесіп өткендер жүргізуші куәлігінен айырылады

Бұдан былай тұтас бір сызықты кесіп өткендер жүргізуші куәлігінен айырылады

БҚО Полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары Болат Жаңабаевтың айтуынша, енді екі жақты жолдарда тұтас бір сызықты кесіп өткендер жүргізуші куәлігінен айырылады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұдан былай тұтас бір сызықты кесіп өткендер жүргізуші куәлігінен айырылады

"Тұтас сызықты кесіп өту жауапкершілігі өзгертілді, енді екі жақты жолдарда тұтас бір сызықты кесіп өткеніңіз үшін жүргізуші куәлігінен айырыласыз", – деді жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары.


Жаңабаев ауылдағы автобустар сағатына 50 шақырымға дейін жылдамдықпен жүретінін айтты.
"Бөлек автобус жолағында М3 санатындағы көліктер жүре алады, оларға жүргізуші орнынан басқа жолаушыларға арналған сегізден астам орындығы бар автобустар кіреді. Көліктің жалпы салмағы 5  тоннадан артық болуы керек. Сонымен қатар үшінші топтағы мүгедектер көліктерін арнайы бөлінген тұрақтарға қойып, сәйкестендіру белгісін пайдалана алады. Сондай-ақ көлік қоюға тыйым салынған орындарға тоқтауға болмайды", – деді ол.

Өзгерістер 2024 жылдың 6 мамырында күшіне енеді.
05 мамыр 2024 ж. 157 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930