Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Антикор азық-түлік бағасына тексеріс жүргізбек

Антикор азық-түлік бағасына тексеріс жүргізбек

Антикор азық-түлік бағасын реттеу кезінде жемқорлық бұзушылықтардың жолын кесуді ерекше бақылауға алады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.


Сурет: el.kz

Ағымдағы жылдың 4 мамырында Антикорда жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жекелеген мәселелері, оның ішінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша мәжіліс өтті.
Агенттік Төрағасы Асхат Жұмағали маусымаралық кезеңде Үкімет әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын ұстап тұруға және тұрақтандыруға бағытталған бірқатар шаралар қабылдап жатқанын атап өтті. Бұл мәселе әсіресе су тасқынынан зардап шеккен аймақтар үшін өзекті болып табылады.
Атап айтқанда, Өзбекстан мен Тәжікстаннан жеткізушілерден азық-түлік ауыл шаруашылығы тауарларын тікелей жеткізу мүмкіндіктері пысықталды. Тауарлар тікелей қазақстандық нарыққа делдалдарсыз және алып сатушыларсыз және неғұрлым қолжетімді бағамен жеткізілетін болады.
Осыған байланысты, Асхат Жұмағали аумақтық бөлімшелерге жемқорлық тәуекелдері мен көріністерін болдырмау мақсатында аталған процестерге мониторинг жүргізуді тапсырды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдары кез келген жемқорлық құқық бұзушылықтардың, оның ішінде заңсыз пайда алуға бағытталған түрлі құқыққа қарсы схемаларды құруға байланысты құқық бұзушылықтардың жолын кесетін болады.
Баға белгілеуге теріс әсер ететін жемқорлық факторларына, оның ішінде тараптардың үлестестігіне, мемлекеттік аппарат тарапынан негізсіз әкімшілік кедергілер құруға, нарыққа жосықсыз қатысушылар тарапынан айла-шарғы жасауға және теріс пайдалануға ерекше назар аударылатын болады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы бұл жұмыстың маңыздылығын атап өтіп, аталған мәселелерді ерекше бақылауда ұстауды тапсырды.
05 мамыр 2024 ж. 138 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930