"Жасыл аймақ" акциясы жалғасын табуда
"Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған "Жасыл аймақ" іс-шарасы бойынша бүгін аудандағы ірі өндіріс орындары – "РУ-6" ЖШС мен "Семізбай-U" ЖШС-не қарасты "Иіркөл" кеніші қызметкерлері өз мекеме аумағын абаттандырып, ағаш көшеттерін, сәндік гүлдерді отырғызу, ағаш түптерін әктеу, айналаны қоқыстан тазарту жұмыстарын жүргізді. Тазалық жұмыстарына 50 адам, 7 техника жұмылдырылып, 500 түп ағаш егілді.
Айта кетейік, аталған мекемелер барлық қоғамдық іс-шарада белсенділік танытады. Басшылар да жасыл желек отырғызып, бақша баптауды жұмысшыларына үнемі міндеттеп отырады. Бұл – аудан ахуалының жақсарып, кенттің көркейе түсуіне қосылған үлкен үлес.
"Семізбай – U" ЖШС Иіркөл филиалының директоры, аудандық мәслихат депутаты, Шиелі ауданының "Құрметті азаматы" Мұқанбетжан Бекмырзаұлы игі істің басынан табылып, бұндай шаралардың алдағы уақытта да жалғасын табарына сенім білдірді.
– Президент Қ.Тоқаевтың бастамасымен қолдау тапқан республикалық акцияға біз де үн қосқанды жөн көрдік. Мекемеде 244 адам жұмыс істейді. Олар Табиғат-Ананы аялап, ауданды жасыл желекке көмкеруге қашанда дайын тұрады. Өйткені біз отырғызған әрбір түп ағаш таза ауаны жұтып, ұзақ ғұмыр кешуімізге себепкер болады, – деді мекеме басшысы.
Мекеме қызметкерлері қоршаған ортаны қорғау, айналаны көгалдандыру және табиғатқа ұқыпты қарау – әрбір Қазақстан азаматының міндеті деп біледі. Сондықтан барша Қазақстандықтарды экологиялық акция апталықтарына белсене қатысуға шақырады.