Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЕГІН ЕГУГЕ ЫНТАЛЫ ОТБАСЫЛАРҒА ЖЕР ТЕЛІМДЕРІ БЕРІЛМЕК

ЕГІН ЕГУГЕ ЫНТАЛЫ ОТБАСЫЛАРҒА ЖЕР ТЕЛІМДЕРІ БЕРІЛМЕК

Соңғы жылдары аймақта жергілікті тұрғындар картоп, көкөніс, бақша өнімдерімен өз-өзін қамтамасыз етуі үшін егістік жер дайындалып берілуде. Сәтті іске асқан жоба биыл да жалғасын таппақ. Бұл туралы облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Сырдария ауданындағы «Мағжан және К» ЖШС-нің егіс алқабында өткен «Дала күні» семинар-кеңесінде айтты.
«2022 жылы егіс егуге ынталы отбасыларға 1,8 мың гектар жер берілді. Облыс тұрғындары бұл бастамаға аса жоғары қызығушылық танытып, сұраныс артты. Өткен жылы да 5 500 отбасыға ауылдардан 3 300 гектар жер дайындалды. Бұл қадам әр үйдің өз-өзін азық-түлікпен қамтамасыз ету, отбасы бюджетін еселеу мүмкіндігін арттырды. Қажет болса, тұрғындарға арнайы техникалармен атыздарды тазалауға, жеке көкөніс сақтау қоймасын қазуға қолдан келгенше көмектесу қажет. Үлескерлердің жерін пайдаланатын шаруашылықтар да бұл жұмыстарға ынталы болуы тиіс», – деді аймақ басшысы.
Нұрлыбек Машбекұлы қала, аудан әкімдеріне жер дайындауға баса мән беріп, жұмысты ұтымды ұйымдастыруды тапсырды.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
25 сәуір 2024 ж. 133 0