Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Су тасқынынан кейін 22 734 адам өз үйлеріне оралды – министрлік

Су тасқынынан кейін 22 734 адам өз үйлеріне оралды – министрлік

Елімізде авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 36,5 мың адам жұмылдырылды. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі өкілі Асқар Шәріп мәлім етті.
«Өңірлерде су тасқынына қарсы іс-шаралар, азаматтарды құлақтандыру, су тасқыны салдарын жою жұмыстары жалғасып жатыр. Батыс Қазақстан және Атырау облыстарына Жайық өзені арқылы Ресей Федерациясы жағынан су тасқынының екінші толқынына қарсы іс-шаралар ерекше бақылауда тұр. Өткен тәулікте Батыс Қазақстан облысында 81 523 қапшық және 2 770 тонна инертті материал төселді, бөгеттердің іргесін көтеру әрі нығайту жалғасады. Атырау облысында 824 мың қапшық және 2 700 тонна инертті материал төселді, 4 424 км бөгет тұрғызылды, бөгеттердің іргесін нығайту жалғасып жатыр. Жайық өзенінің су деңгейіне мониторинг жасалып отыр, азаматтарды құлақтандыру және телерадио арқылы хабарландыру әр 4 сағат сайын іске асырылады», – деді А. Шәріп Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингіде.
Оның айтуынша, қазіргі мәлімет бойынша 22 734 адам өз үйлеріне оралды. 8 809 адам, оның ішінде 3 828 бала эвакуациялау пункттерінде.
«Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында үйлер мен аумақтардан суды шығару жұмыстары жалғасып жатыр. Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 36 484 адам, 5 083 техника, 888 су сору құралы, 381 жүзу құралы, 16 әуе көлігіжұмылдырылды», – деді министрлік өкілі.
21 сәуір 2024 ж. 301 0

Қоғам

АЛТЫН ДӘН ДАЛАСЫ

16 қыркүйек 2025 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930