Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Өзбекстаннан гуманитарлық көмек тиелген 15 жүк көлігі келді

Өзбекстаннан гуманитарлық көмек тиелген 15 жүк көлігі келді

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM-Су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға тиісті көмек көрсетіліп жатыр. Сондай-ақ, өзге өңірлермен қатар көршілес мемлекеттер де қиын-қыстау кезеңде жәрдемдесуде.
Бүгін Өзбекстан Республикасынан Қазақстанға 15 жүк көлігіне тиелген гуманитарлық көмек келді. Оны арнайы сүйемелдеу қызметі Келес ауданы аумағындағы Б.Қонысбаев кеден бекетінен күтіп алды. Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов пен Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев көршілес елдің бұл көмегіне ризашылығын білдіріп, алғысын айтты. 
Бұл гуманитарлық көмек керуенін Түркістан облысының төтенше жағдай департаменті қызметкерлері Қарағанды облысының Сарышаған елді мекеніне, Балқаш қаласына, Қарағанды қаласына дейін сүйемелдеп, жеткізіп береді. Айта кетейік, бұған дейін Қырғызстаннан жіберілген гуманитарлық көмек көліктері су тасқынынан зардап Ақтөбе қаласына жеткізілген болатын.
20 сәуір 2024 ж. 248 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№64 (9331)

26 тамыз 2025 ж.

№63 (9330)

23 тамыз 2025 ж.

№62 (9329)

19 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031