«Болашақ» стипендиясына құжат қабылдау басталды

Биыл «Болашақ» бағдарламасына 555 стипендия бөлінді. Оның ішінде 395 стипендия магистратура және резидентураға, 50 стипендия докторантураға, 110 стипендия тағылымдамадан өтуге бөлінді. Басым мамандықтар тізбесі орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың өтінімі, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді даму стратегиясы мен жоспары бойынша қалыптастырылды. Сондай-ақ «500 ғалым» бағдарламасы қазақстандық ғалымдарға әлемнің беделді университеттерінде біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді. Жыл сайын аталған бағдарламаға 500 стипендия бөлінеді. Үміткерлерге қойылатын талаптарды, басымдық берілетін мамандықтар тізбесін, университеттер мен ғылыми орталықтардың тізімін bolashak.gov.kz сайтынан көруге болады.