Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Атырау облысында 4 мұнай ұңғыма су ортасында қалды

Атырау облысында 4 мұнай ұңғыма су ортасында қалды

Атырау облысында мұнай өндіріліп жатқан 4 ұңғыманы су басты.

Атырау облысында 4 мұнай ұңғыма су ортасында қалды

ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті мәлім еткендей, 3 ұңғыма Қызылқоға, ал біреуі Мақат ауданында орналасқан.
«Атырау облысындағы «Қайнармұнайгаз» басқармасының «Шығыс Уаз» кен орнында 3 ұңғыма бар. Бұл – №101, №106, №116 ұңғымалар. Қазір ұңғымаларды қорғау бөгетінің жанына төселген құм салынған қаптардың үстіне топырақ төгіліп жатыр. Суды Сағыз өзеніне НБ-50 сорғымен айдау жұмыстарын жүргізуге 4 адам мен 2 арнайы техника тартылды», деп хабарлады өңірлік департаменттен.

Ж.Көшербайұлы

Ал, «5А Ойл» ЖШС-нің «Жаңа Мақат» кен орнындағы №Е7 ұңғыманың жанына топырақ төгу және қалпына келтіру жұмысы аяқталды.
13 сәуір 2024 ж. 319 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№64 (9431)

25 тамыз 2026 ж.

№63 (9430).

22 тамыз 2026 ж.

№62 (9429)

18 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31