Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Құлсары ауруханасындағы науқастар Бейнеудегі емдеу орнына эвакуацияланды

Құлсары ауруханасындағы науқастар Бейнеудегі емдеу орнына эвакуацияланды

Құлсары ауруханасындағы науқастар Бейнеудегі емдеу орнына эвакуацияланды
Науқастарды Маңғыстау облысына тасымалдау үшін 14 жедел жәрдем көлігі мен 2 автобус бөлінген, деп хабарлайды Egemen.kzЖылыой аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Асұлан Абдрахмановтың айтуынша,  емделушілердің қауіпсіздігі көзделген. «Орталық ауруханада ем алып жатқан 77 науқас бар. Наусқастардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында көршілес облысқа тасымалдап жатырмыз. Аурухананың жансақтау бөлімінде 2, хирургия бөлімінде 12, терапия бөлімінде 10, балалар және босану бөлімінде де науқастар бар. Оларды қауіпсіз орынға көшіру мақсатында эвакуация жүріп жатыр. Жағдайы ауыр науқастар реаниматологпен, анестезиологпен және толық жабдықталған ИВЛ аппаратымен барады. Жатып баратын науқастар жедел-жәрдем көлігімен, өзгелері автобуспен қатынайды», деді Асұлан Абдрахманов. Науқастарды емдеуші дәрігерлер алып барады. Олар дәрі-дәрмектің барлық түрімен қамтылды. Қызметкерлер Бейнеу аудандық ауруханасына барған соң емдеу-сауықтыру жұмысына көмектеседі. Жалақысы іссапар ақысы негізінде төленеді.
Ал аудандық орталық ауруханада жағдай тұрақталғанға дейін алғашқы көмек көрсетіле береді.
06 сәуір 2024 ж. 104 0