Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Дәрігерлер жүрегі 18 минутқа тоқтаған тұрғынды аман алып қалды

Дәрігерлер жүрегі 18 минутқа тоқтаған тұрғынды аман алып қалды



Петропавлда дәрігерлер жүрегі 18 минутқа тоқтаған адамды аман алып қалды. Тыныс демікпесімен ауыратын 54 жастағы әйел кенеттен тұншыққан.

Жедел жәрдем қызметі жеткенше науқастың жүрегі тоқтап қалған. Мамандар дефибрилляторды төрт мәрте қолданғанымен, ештеңе шықпаған.
Артынша қосымша дәрігерлерді шақыртып, біршама уақыттан соң әйелді тірілтіп алды. Арнайы құрылғымен тыныс алған науқас бірден аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді. Қазір дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалап отыр.
«Біз келгенде науқас ес-түссіз болды, яғни қан айналымы мен тыныс алуы дұрыс болмады. Біз соны байқап, бірден реанимациялық іс-шараға көшіп кеттік. Менде сәтсіз реанимация болған жоқ», деді Солтүстік Қазақстан облысы жедел жәрдем орталығының қызметкері Әлия Оразбаева. 
04 сәуір 2023 ж. 166 0