Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Түркістан облысында 58 мектеп лицензиясынан уақытша айырылды

Түркістан облысында 58 мектеп лицензиясынан уақытша айырылды

Түркістан облысында 58 мектеп лицензиясынан уақытша айырылды.

24KZ арнасының хабарлауынша, білім заңнамаларын бұзған басшыларға 9 миллионнан астам теңге айыппұл салынды. Заң бұзушылықтардың дені - асханадағы санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың болмауына, 400-ге жуық педагогтың біліктілікті арттыру курстарына жіберілмеуіне және өрт қауіпсіздігі нормаларының сақталмауына қатысты. Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті осындай олқылықтарды анықтады.

«Мектеп басшыларына нұсқама берілді. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер, лицензиялау нормаларын бұзушылықтарды жоймаған жағдайда мектеп лицензиядан айырылады», - деді Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің бөлім басшысы Жанар Қасымова.

Фото: Pixabay

04 сәуір 2024 ж. 164 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930