Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бейнеуде газ жарылып, үй қирады: қайтыс болған адам бар

Бейнеуде газ жарылып, үй қирады: қайтыс болған адам бар

Бейнеу ауылында газдың жарылуы салдарынан жеке тұрғын үй құлап, бір адам қаза тапты. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ қоғаммен байланыс бөлімі оқиғаның алдын ала себептерін атады, деп жазады Egemen.kz.
ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 3 сәуірде болған.

Жарылыстан үй толығымен дерлік қираған. Салдарынан Бейнеу ауылының тұрғыны ауруханада қайтыс болды. Бұл туралы төтенше жағдай қызметінің қызметкері «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ апаттық-диспетчерлік қызметіне хабарлаған. Оқиға орнына жеткен бригада қираған жеке үйге қолдан жасалған жылыту газ қазандығы орнатылғанын анықтады, - деп хабарлады компания.

Оқиға туралы Бейнеу аудандық әкімдігі мен полицияға хабарланған.

Алдын ала мәлімет бойынша, қолдан жасалған қазандықтан газ шыққан. Анықталғандай, бұған дейін үй иелеріне қолдан жасалған бұл жабдықты ауыстыру туралы хабарлама келген, бірақ үй иелері бұл ескертуді елемеген. Апаттың себептері сараптама қорытындысы бойынша нақтыланады, - деп қорытындылады компания.
03 сәуір 2024 ж. 204 0

Қоғам

Форум – БАҚ назарында
08 шілде 2025 ж. 28

PDF нұсқалар мұрағаты

№48 (9315)

01 шілде 2025 ж.

№47 (9314)

28 маусым 2025 ж.

№46 (9313)

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031