Конституция
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақтөбеде төтенше жағдай жарияланды

Ақтөбеде төтенше жағдай жарияланды

Қала басшысы су тасқынымен күресуге көмектесіп жүрген тұрғындарға алғысын айтты.
Ақтөбе қаласының әкімі Азамат Бекет облыс орталығында төтенше жағдай жарияланғанын хабарлады.

Бүгін Ақтөбе қаласында төтенше жағдай жариялап отырмыз. Су тасқыны — табиғи құбылыс. Оны тежеу оңай болмай жатқаны рас. Ақтөбе су қоймасында болған судың көлемі бір тәуліктің ішінде 150 миллион текше метрге көбейді. Су қоймасы мұндай көлемді суды сыйғыза алмайды. Яғни, қалаға түгел қауіп төніп тұр. Сондықтан, біз суды жіберіп отыруға мәжбүрміз. Елек өзенінің бойында орналасқан және Қарғалы өзенінің Кірпішті көпіріне жақын орналасқан бау-бақша ұжымдарының тұрғындарын эвакуацияға келісім беріп, үйлеріңізді босатуларыңызды сұраймын.Біз үшін сіздердің өмірлеріңіз өте маңызды. Өздеріңіз білесіздер наурыздың 26-сы күні қала аумағында күннің күрт жылынуына байланысты дала сулары көтерілді. Бірнеше тұрғын алаптар мен бау-бақша ұжымдарына қауіп төнді, — деп хабарлады қала әкімі Азамат Бекет.
29 наурыз 2024 ж. 344 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№50 (9417).

04 шілде 2026 ж.

№49 (9416)

30 маусым 2026 ж.

№48 (9415).

27 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031