Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ТЕАТР – ӨМІР АЙНАСЫ

ТЕАТР – ӨМІР АЙНАСЫ

Театр – тірі организм. Ты­нымсыз тіршіліктен бір сәт тыныш табатын саф өнер­дің ордасы. Сана таза­рып, рухани тоят табатын мәде­ниет­тің ме­кені. Қым-қуыт оқиғаларды қиын­нан қиыс­тырып, өмірмен ұш­тас­­тыра бей­нелегенде ақыл мен жү­ректе өзара ар­палыс басталады. Бұл – сахнаның киелі­лігі мен әр­тіс­тің шынайы шебер­лігі. Театр тағдырға төре­лік етпейді. Тек жақсы мен жа­ман­ды нұсқап, ақ пен қара­ны анық көрсетіп, өмір бол­мы­сын боя­масыз көз ал­дыңа әкеледі. Әрі қа­рай көрер­мен тү­йін­ді оймен соң­­ғы нүк­тені өзі қояды.
Кеше аудандық мәдениет Үйінде 27 наурыз Халықаралық театр күні орай «Театр – өмір айнасы» атты мәдени-рухани танымдық кеш өтті.
Кеште Т.Ахтановтың «Махаббат мұңы», М.Әуезовтың «Еңлік-Кебек», С.Балғабаевтың «Біз де ғашық болғанбыз», Қ.Бекпейістің «Діннен шыққан дүрбелең» драмаларынан және Ш.Айтматовтың «Ана–Жер–Ана» трагедиясынан үзінділер көрсетілді.
Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының актеры, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, жерлесіміз Жомарт Зейнәбіл арнайы құттықтауын жолдады.
28 наурыз 2024 ж. 347 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (9425)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (9424).

01 тамыз 2026 ж.

№56 (9423)

28 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31