Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жәнібек Әлімханұлы Дэвид Бенеавидесті жекпе-жекке шақырды

Жәнібек Әлімханұлы Дэвид Бенеавидесті жекпе-жекке шақырды

IBF және WBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақ спортшысы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) кезекті мәлімдемесін жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Vesti.kz сайтының жазуынша, Әлімханұлы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында өткен жылдың соңында америкалық Деметриус Андрадені (32-1, 19 КО) жеңген WBC тұжырымы бойынша орта салмақтағы уақытша чемпион Дэвид Бенеавидеске (28-0, 24 КО) үндеу тастады.
- Бенавидес, егер сен мықтылармен жұдырықтасқың келсе, төбелесейік! Біздің жекпе-жек жоғары деңгейде өтеді! Мұны сен де, жанкүйерлер де біледі! Егер сен салмақ түсіре алмасаң, мен 168 фунтта жұдырықтасуға дайынмын. Жеңіл жұмыс! - деді Qazaq Style.
Сонымен қатар көптеген бокс жанкүйері Бенавидестің мексикалық Сауль Канело Альвареспен жекпе-жегін көруді армандайды. Бірақ мексикалық боксшы бұл жекпе-жектен барлық жағынан аулақ жүреді. Осыған байланысты Жәнібектің мәлімдемесінің астындағы астарлы ойды қолдап, «Канелоны» масқаралағандар көп болды.
24 наурыз 2024 ж. 222 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№64 (9431)

25 тамыз 2026 ж.

№63 (9430).

22 тамыз 2026 ж.

№62 (9429)

18 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31