Қазақстан мен Корея арасындағы әуе рейстерінің саны артады
Қазақстан мен Кореяның авиациялық билігі арасында екіжақты келіссөздер өтті, деп хабарлады Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.
Pixabay
Алматыда азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева Корея Республикасы авиация кеңсесінің бас директоры Йонг Коок Киммен кездесті.
Бұдан бөлек, келіссөздер кезінде бағыттар мен тасымалдаушылар санына қойылған шектеулер алынып тасталды. Соның бәрі бәсекелестікті арттыруға және елдер арасындағы ұшу географиясын кеңейтуге мүмкіндік береді.
Тараптар әуе тасымалдаушыларының екі елдің астаналары арасында тікелей әуе қатынасын орнату ниетін қолдап отыр.

«Келіссөздер нәтижесінде тараптар елдер арасындағы рұқсат етілген рейстердің жалпы санын аптасына 10-нан 42-ге дейін ұлғайтуға келісті. Сондай-ақ аптасына 40 жүк рейсін, оның ішінде "әуе еркіндігінің" бесінші дәрежесін пайдалану құқығын беру туралы келісімге қол жеткізілді», - дейді комитет мамандары.