ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ НЕГІЗГІ МАКРОКӨРСЕТКІШТЕР ӨСІМІ БОЙЫНША БІРІНШІ ОРЫНДА
2024 жылғы қаңтар-ақпан айларының қорытындысымен Қызылорда облысы негізгі экономикалық макрокөрсеткіштер өсімі бойынша бірінші орында. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Үкімет отырысында айтты.Мәжілісте ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Сыр өңірі екі ай қорытындысымен жоғары даму көрсеткіштеріне қол жеткізгенін айтты.
«Қаңтар-ақпан айларында ел экономикасы 4,2%-ға, барлық макрокөрсеткіштер Қызылорда, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Абай облыстары мен Астана қаласында өсті», – деді Үкімет басшысы.
Үкімет отырысынан кейінгі арнайы мәжілісте облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қазіргі жоғары даму қарқынын сақтауды және бюджет қаражатын толық игеруді тапсырды.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызмет








