Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Сенаторлар ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу мәселесін талқылады

Сенаторлар ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу мәселесін талқылады

Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі комитетінің кеңейтілген отырысы болды. Онда «Агроөнеркәсіптік кешеннің экспорттық әлеуетін арттыру, импортты алмастыру жағдайында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу мәселелері» атты Үкімет сағатының қорытындысы бойынша қабылданған ұсынымдардың іске асырылуы туралы» тақырыбы талқыланды, деп жазады Egemen.kz.

Сенаторлар ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу мәселесін талқыладыКомитет төрағасы Әли Бектаев Қазақстан үшін агроөнеркәсіп кешені ел экономикасының негізгі саласы екенін атап өтті. Жаңа технологияны пайдалану арқылы қайта өңделген өнімнің үлесін ұлғайта отырып, оны 70 пайызға жеткізу керек. Бұл тапсырманы Мемлекет басшысы жүктеген еді.
«Қазақстан үшін агроөнеркәсіп секторы мен қайта өңдеу өнеркәсібі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ауыл шаруашылығы өнімдеріне ішкі сұранысты қанағаттандыруда маңызды рөл атқарады. Үкіметтің, бизнес-қоғамдастықтың және ауыл тұрғындарының бірлескен күш-жігерімен ғана агроөнеркәсіп сектордың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге және елдің импорттық өнімдерге тәуелділігін төмендетуге болады», деді Әли Бектаев.
Сенатор Закиржан Кузиев Үкімет сағатының қорытындысы бойынша комитет өз құзыреті аясында мемлекеттік органдарға 27 ұсыныс бергенін еске салды. Ондағы 13 ұсыным бойынша мемлекеттік органдар қажетті шаралар қабылдады, 6 ұсыным орындалмады және 3 ұсыным бойынша талқылау және жоспарлау сатысында жұмыс жүріп жатыр.
Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Бағлан Бекбауов өз сөзінде осы ұсыныстарды іске асыру үшін агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасына тиісті өзгерістер енгізілгенін айтты. Олар қайта өңдеу кәсіпорындарын өндіріс қуатында барынша қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу үлесін ұлғайту, сондай-ақ ішкі және сыртқы нарықтарда отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін мемлекеттік қолдаудың жүйелі шараларын жүзеге асыруға бағытталған.

Фото: А.Байжұманов
13 наурыз 2024 ж. 107 0