Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ӨҢІРЛІК КАДР РЕЗЕРВТЕРІН ІРІКТЕУ ЖОБАСЫ БОЙЫНША ЖАСТАРҒА ТҮСІНДІРМЕ ЖҮРГІЗІЛДІ

ӨҢІРЛІК КАДР РЕЗЕРВТЕРІН ІРІКТЕУ ЖОБАСЫ БОЙЫНША ЖАСТАРҒА ТҮСІНДІРМЕ ЖҮРГІЗІЛДІ

Шиелі ауданы әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл Ғалымжан Каримов Өңірлік кадр резервіне іріктеу жобасына қатысты жалынды жастарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Жиында аппарат басшысы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ағымдағы жылдың 1 наурызынан бастау алатын жобаның үлгілік ережесімен таныстырып, шарттары мен кезеңдеріне қатысты кеңінен ақпарат берді.
Жобаның негізгі мақсаты – жас басқарушылардың өңірлік пулдарын қалыптастыру және өңірлерді дамытуға талантты жастарды тарту болып табылады.
Өңірлік кадр резервіне жасы 35-тен аспаған, жоғары білімді, жалпы жұмыс өтілі кез келген салада 3 жылдан кем емес ҚР азаматтары құжаттарын тапсыра алады.
Атап өту қажет, өңірлік кадр резерві жобасына қатысу үшін мемлекеттік қызметші болу міндетті емес.
Құжаттарды қабылдау ағымдағы жылдың 1-31 наурыз аралығында «onir.pkrezerv.gov.kz» сайтында онлайн режимде жүзеге асырылады.
28 ақпан 2024 ж. 341 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№45 (9412).

16 маусым 2026 ж.

№44 (9411).

13 маусым 2026 ж.

№43 (9410)

09 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930