Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде дәрі-дәрмек сапасы қайта қаралады

Елімізде дәрі-дәрмек сапасы қайта қаралады

Халықты сапалы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесі қайта қаралады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді.
Халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету сапасына баса назар аудара отырып, қайта қаралады. Министрлік амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесін оңтайландыру бойынша жұмысты бастады, — деді Ақмарал Әлназарова ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында.

Министрдің айтуынша, препараттардың сапасына аса мән беріледі.

Кейінгі екі жылда амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамту шығындардың екі есе өсуі алаңдаушылық туғызып отыр. Бұл ретте 41 нозология бойынша пациенттер тек 50%-ке қамтамасыз етіледі. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету көлемінің жалпы өсуіне қарамастан, амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету деңгейі төмендеген, — деді ол.
23 ақпан 2024 ж. 387 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (9450)

03 қараша 2026 ж.

№82 (9449)

29 қазан 2026 ж.

№81 (9448).

24 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30