Шаруаларға шынайы қолдау қажет
Ақпан ауып, көктемнің жылт етер шағы алыс емес. Диқан қауым дала қосына қамданса, шаруалар түлік төлдететін науқан алдында тұр. Бұл әрине, жылдағы дәстүрлі шаруа болғанымен, жалпы ауыл шаруашылығына қатысты қордаланған мәселе аз емес. Оның бір парасын министрдің өзі мәлімдеді. Ескірген есеп жүйесі, егін егу тәсілі, тыңайтқыш, тозған техника, өнімділік, баға, басқа да нарықтық айналымда қазақстандық шаруалардың бәсекеге қабілеті төмен. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров айтты деп хабарлады ҚазАқпарат.
сурет ашық дереккөзден
Жуырда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы саласында еңбек өнімділігін арттыру үшін ауқымды жұмыс жүргізуді тапсырған болатын. Осы ретте Ауыл шаруашылығы министрлігі салаға кеңейтілген талдау жүргізіп, проблемалар мен кедергі болып тұрған факторларды анықтаған.
Министрдің айтуынша, бірінші мәселе – статистиканың көрсеткіштерін ретке келтіру қажет. Көп жыл бойы қалыптасқан есептеу әдістемесін өзгерту керек. Сонда бұрмаланған деректер болмайтын көрінеді.
– Сенімді деректерге сүйеніп, заман талабына сай есептеудің жаңа тәсілдерін қолдануымыз қажет. Бұл үшін арнайы комиссия құрылды. Комиссия мүшелеріне ауыл шаруашылығындағы деректерді ретке келтіру міндеті жүктелді», – деді министр.
Екінші мәселе – өсімдік шаруашылығындағы әртараптандыру негізінен қағаз жүзінде жүруде. Министрдің сөзінше, Қазақстанда елдің негізгі астық егетін өңірлерінде монодақыл – бидай басым, бұл әлемдік нарықтарда бағалардың ауытқуы кезінде саланы осал етеді, сондай-ақ топырақтың жай-күйіне теріс әсер етеді. Аудандар мен сын-қатерлерді әртараптандыру керек, яғни жоғары рентабельді сұранысқа ие дақылдар өндіріліп, ауыспалы егістер сақталуы керек. Алайда, әзірге бұл жұмыс өте сылбыр жүруде.
Есесіне, қолданылатын агротехнологиялар мен ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту қарқыны көңіл көншітпейді. Шаруалардың техника жаңартуға әлеуеті аз. Елде тыңайтқыштарға ғылыми негізделген қажеттіліктің тек 21%-ы енгізілсе, элиталық тұқымдар үлесі – 7%, техниканы жаңарту деңгейі – 4,5% ғана. Осыдан келіп министр атап өткеніндей, бізде өнімділік төмен және өнімнің өзіндік құны қымбатқа шығады. Қазақстандық фермердің өнімділігі гектарына 9-10 центнерден аспаса, көрші Ресейде 20-25 центнерден айналады.
– Бұл жағдай ресейлік астықтың біздің дәстүрлі экспорттық нарықтарымызда, сондай-ақ ішкі нарықта демпинг жасауына себеп болды, ресейлік өнімдер жеткізу шығындарын қоса алғанда, отандық өнімдерден арзан болады, – деді А.Сапаров.
Мал шаруашылығында да өнімділік айтарлықтай емес. Қазақстанда ірі қара малды сауу, жұмыртқа өндіру және тірілей ет салмағы көрші Ресейге қарағанда едәуір төмен екенін көрсетіп отыр.
– Мемлекет басшысы атап өткендей, ауыл шаруашылығы үшін ең өзекті мәселе – саланың жылдар бойы қаржыландырылмауы. Бұл жоғарыда аталған көптеген мәселелердің негізгі себебі. Тапшылыққа байланысты фермерлер тыңайтқыштардың, өсімдіктерді қорғау құралдарының жеткілікті мөлшерін пайдаланбайды, ескі техникамен жұмыс істейді. Бұл ауыл шаруашылығындағы тиімділік пен өнімділіктің төмендігіне әкеледі. Мәселені түбегейлі шешу үшін фермерлерді дер кезінде қолжетімді қарыз қаражатымен қамтамасыз ету маңызды. Президент тапсырмасымен биыл салаға қаржы тарту бойынша үлкен жұмыс жүргізіледі. Бюджет қаражаты ғана емес, басқа да көздер, оның ішінде екінші деңгейдегі банктердің капиталы да көзделіп отыр, – деді Айдарбек Сапаров.

Қ.Әбіш