Әйел құқына қатысты қылмыс екі есе азайған
Елімізде 1999 жылы, яғни осыдан тура 25 жыл бұрын әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі жеке қызмет құрылды. Мақсаты әйелдердің конституциялық құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін заңсыз қолсұғушылықтардан қорғау, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесуге бағытталды.
Бүгінде бөлініс полиция мен үкіметтік емес сектор, мемлекеттік органдар және әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия арасындағы байланыстың рөлін атқарып отыр. Бөлініс инспекторлары полиция органдары қызметтерінің отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың, әйелдерге қатысты жасалған қылмыстардың алдын алу жөніндегі қызметін үйлестірумен айналысып қана қоймай, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын жеке қабылдауды жүзеге асыруды да өз міндеттеріне алып отыр. Сондай-ақ жәбірленушіні құқыққа қарсы қолсұғушылықтардан қорғау жөнінде қажетті шаралар қабылдайды.
Ішкі істер министрлігі атап өткендей, былтыр дағдарыс орталықтарына 7 мыңнан астам әйел жіберілген. Оның ішінде 6 мыңға жуығы балаларымен бірге баспанаға орналастырылды. Ал бөліністің сенім телефондарына 56 мыңнан астам қоңырау түсті. Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторлар әйелдерге 17 мың кеңес берсе, олардың 11,7 мыңнан астамы кейіннен полицияға жүгінген. Талқылау барысында 9 мың адам – әкімшілік, 19 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылып отыр. Қабылданған ұйымдастырушылық және құқықтық шаралардың нәтижесінде кейінгі 6 жылда әйелдердің құқықтарына қол сұғатын қылмыс саны екі есе азайғанын атап өткен жөн.
Сонымен бірге былтыр әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау қызметкерлері құқықтық тақырыпта 21 мыңнан астам баяндама жасаған. Бұл тақырыпта бөліністің полиция қызметкерлері оқу орындарында және еңбек ұжымдарында 31 мыңнан астам дәріс, семинар мен тренинг өткізген. Өз саласында сүбелі еңбек етіп, антына адалдық танытып жүрген қызметкерлер арасында медаль, грамота және алғысхаттармен марапатталғандар да бар.
Сарапшылардың пайымдауынша, әлемде әрбір үшінші әйел күш көрсету және жыныстық зорлыққа ұшырайды. Кейінгі жылдары құқық қорғау саласындағы дүниежүзілік ұйымдардың сарапшы мамандары да дүние жүзі мемлекеттерін әйелдер мен қыздардың құқығын қорғап, мүмкіндігін арттыруды күшейтуге шақырып келеді. Елімізде де бұл бағытта атқарылған жұмыс көп. Заңдарымыз қатайып, полиция бөлінісінің жұмысы жандандырылып жатыр. Себебі Мемлекет басшысы айтқандай, азаматтардың бәріне тең мүмкіндік беретін қоғам құру, соның ішінде әйелдер мен балалардың құқығын қорғау – басты міндет.