Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақтөбелік ғалым: Британдық профессормен бірігіп көз ауруын емдейтін дәрі ойлап таптық

Ақтөбелік ғалым: Британдық профессормен бірігіп көз ауруын емдейтін дәрі ойлап таптық

Ғалымның айтуынша, бұл ғылыми жаңалықты Ұлыбритания университетінің Химия, өнімдер және фармация мектебінің профессоры Виталий Хуторянскиймен бірлесе отырып әзірлеген.


Ақтөбелік ғалым: Британдық профессормен бірігіп көз ауруын емдейтін дәрі ойлап таптық
 Turkystan.kz

Адамзаттың игілігі үшін жасалып жатқан ғылыми жетістіктер күн санап көбейіп келеді. Оның бірі ретінде жақында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің доценті, PhD Абилова Гузель Қабілетқызының ойлап тапқан көзге арналған полимерлі дәрілік формасын айтуға болады. Осы жөнінде ғалыммен аз-кем әңгімелескен едік.

«Қазіргі жобамның ғылыми жаңалығы мен негізгі артықшылықтарына тоқталар болсам, полимерлі пленка биоүйлесімді полимерлер негізінде жасалды. Биоүйлесімді полимерлер адам ағзасына ешқандай кері әсерін тигізбейді. Ол ешқандай  токсикологиялық  әсер бермейді және табиғи полимерлер негізінде әзірленеді. Соның нәтижесінде біз полимерлі пленканы әзірледік. Ол – дәрілік зат емес, ол – жаңа дәрілік форма.  Полимерлі пленка  дәрілік затты тасымалдау қызметін атқарады. Осы ғылыми жобаның аясында түрлі  полимерлі пленкалар алынып, құрамында дәрілік заты бар полимерлі пленкалар әзірленді. Оның ішінде көз аурулары кезінде кеңінен қолданылатын  ципрофлоксацин антиобиотигі алынды.  Бұл  пленка бактериалды этиологияның көз ауруларын емдеуге  көмектеседі. Одан бөлек, құрамында пелокарпины бар полимерлі пленка да әзірленді. Ол глаукома аруын емдеу кезінде тиімділігін көрсетті. Бастысы – денсаулыққа тиімді әрі пайдалы жолын қарастыруға тырыстық. Көптеген зерттеу жұмыстарын жүргізіп, түрлі әдебиеттерге шолу жасадық. Әсіресе, шетел әдебиеттеріндегі тәжірбиелерге де көп  жүгіндік», – дейді ғалым.


Ғалым бұл идея қажеттіліктен туындағанын айтады.

«Қазір көзді емдеуге дәрілер тек сұйық көз тамшыларымен ғана шектеледі. Оны арнайы зерттеу кезінде де байқадық. Түрлі көз ауруын емдеу кезінде офтальморг мамандар көз тамшыларын ғана ұсынады. Ал, көз тамшысының  90-95 пайызы жаспен шығып, 5-10 пайызы ғана көзіңізге көмектеседі. Яғни, дәрінің емдік қуаты ұзаққа созылмайды. Демек, көзге арналған басқа да дәрілер жоқтың қасы деген сөз. Бұл – денсаулық сақтау саласындағы үлкен мәселе. Ал, оның шешімін тауып, тиімді жолын қарастыру үшін жаңа дүние ойлап табу керек болды. Біздің бұл жұмысымыз соның алғашқы бастауы деп есептеймін. Міне, осы мәселе төңірегінде жаңаша ғылыми ой туындап, көзге арналған полимерлі пленканың пайда болды», – дейді ғалым Гузель Қабілетқызы.


Ғалымның айтуынша, бұл ғылыми жаңалықты Ұлыбритания университетінің Химия, өнімдер және фармация мектебінің профессоры Виталий Хуторянскиймен бірлесе отырып әзірлеген.

«Профессор Виталий Викторұлы докторантурада ғылыми жетекшім болды. Әрине,  ол кісінің ақыл-кеңестерін ескере отырып, бірлесіп, жемісті жұмыс атқардық. Докторантура кезінде Ұлыбританияның  Рединг қаласында 4 ай ғылыми тәжірбиден өтіп,  түрлі  плимер негізінде дәрілік формаларды әзірлеуді үйрендім. Бұл сапар біліктілігімді арттыруға үлкен септігін тигізген тәжірбие болды деп толық айта аламын. Виталий Хуторянскиймен 2016 жылдан бастап онлайн да, оффлайн да байланыста болып, жұмысымызды еш тоқтатқан емеспіз. Әрине, ғалымдар бірлесе жұмыс жасаса, міндетті түрде пайдалы дүние шығатыны сөзсіз. Сондықтан, қазір де байланысымызды жоғалтпай, одан әрі нығайтып, әлі де  ғылыми жаңалықтар жасауға асықпыз. Одан бөлек Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің арнайы шақыртуымен  Виталий Хуторянский Қазақстанға келіп екі апта жұмыс істеді. Осындай  екі жақты байланыс осындай жаңалықтың тууына себеп болды», – дейді Гузель Қабілетқызы.

Ғалым Қазақстандағы ғылыми жетекшісіне де алғысын білдірді.

«Көп  сұхбатта шетелдік ғылыми жетекшім туралы айтып жатамын. Ал, Қазақстандағы ғылыми  жетекшім туралы көп айтылмай қалады. Осы сәтті пайдалана отырып, мықты химиктердің бірі, менің жетекшім әл- Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті  Ирмухаметова Ғалия Серікбайқызына  алғысымды білдіргім келеді. Ғылыми бағытымды анықтап, бағыт-бағдар бергендерінің арқасында жетістіктерге жеттім деп айтсам болады», – дейді ғалым ризашылығын білдіріп.


Гузель Қабілетқызы офтальмология саласында жаңалық ашумен тоқтап қалмақ емес.

«Дәрілік затты жасар алдын әрине, түрлі зертханалық тәжірбиелер жасалады. Тәжірбие түрі өте көп. Дегенмен біз барлық сатыдағы тәжірбиелерді түгел дерлік жасамасақ та, бүгінгі мүмкіндіктерді, жаңа технологияларды пайданлануға тырыстық. Әрі қарай да ғылыми жұмыстарды жалғастырып, тек офтальмологиялық емес, басқа да салаларға жаңалықтар енгізуді жоспарлапотырмыз», – дейді.
 
Әзірлеген Дариға НЫСАНҚҰЛ
Л.Гумилев атындағы Еуразия  ұлттық университетінің 4-курс студенті
20 ақпан 2024 ж. 168 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930