Мобильді аударымның мәнісі қандай?
Есіңізде болар, былтыр желтоқсан айында «Kaspi.kz» қосымшасындағы аударымдарға қатысты ақпараттар елді елең еткізді. Сонда такси жүргізушілері мен шағын дүкендердегі сатушылар тұрғындардан қолмақол ақша талап етті. Ал электронды ақшаға әбден үйренген халық абдырап қалды. Нақты табысын көрсетуге ұмтылған кәсіпкерлер салық заңнамасына енгізілген өзгерістердің байыбына бармай жатып, банк қосымшасы арқылы төлем жасаудан жалтарып әлек. Әлі күнге дейін солай. Сонымен қатар қолма-қол төлемей, каспий голд арқылы төлем жасар болсаңыз, үстіне белгілі бір мөлшерде пайызын қоса аударуыңыз шарт. Бұл қаншалықты заңды?
Иә, бұл жағдайға сіз де, мен де тап болғанымыз анық. Шағын мысал айтайын, түнеукүні түс ауа үйге керек-жарақ алайын деп, бір дүкенге бас сұқтым (дүкен атын жасыруды жөн көрдік). Заттарымды алып болған соң, сатушы мобильді төлем жоқ екенін айтты. Енді не істеймін, қалтамда қолма-қол ақша да жоқ болатын. «Ендеше QR-код арқылы төлеңіз, сіздің алып тұрған затқа белгілі бір пайыз қосылады» деп нық айтты. Алғашында таңырқап қалғаным рас. Сөйтсем, бұл жайтпен таныс мен ғана емес екен. Содан болар қазір бұрынғыдай мобильді төлем азайып, қолма-қол ақша алу көбейді. Мәселенің мәнісін білмесе де, «пәле болар» деп «тірі» ақшаға ауысып жатыр халық. Қазақстанда 1 қаңтардан бастап азаматтардың мобильді аударымдары тексеріле бастады. Неліктен мұндай қадағалау енгізіліп жатыр және өзгерістер кімдерге әсер ететіні туралы «Атамекен» облыстық кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалының төрағасы Бекзатхан Бауыржанұлынан сұрап білдік.
– Кейбір кәсіпкерлер сатылған тауарлары немесе қызметтері үшін төлемді мобильді аударымдар арқылы алады. Алайда бұл аударымдар кассалық аппараттарды, POS-терминалдарды және QR-кодтарды қолданбай жүргізіледі. Тиісінше, чек берілмей, тұтынушылардың құқықтары бұзылады. Бұл жерде ескеретіні мемлекет барлық мобильді аудармаларды тексермейді. Тек қана әртүрлі тұлғалардан үш ай қатарынан ай сайын 100 немесе одан да көп мобильді аударым алған тұлғалар ғана, яғни, кәсіпкерлік қызметтің белгілері байқалған жағдайда ғана тексеру жүргізіледі, – дейді ол. Әрмен қарай «Кәсіпкерлер тек қолма-қол төлем талап етсе, заңды ма?» деген сауалымызды бағыттадық. Біз сол кезде: – Қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдаудан бас тарту – заңсыз. Карта арқылы төлем қабылдаудан бас тартқаны үшін бірінші рет әкімшілік жауапкершілікке тартылып, ескерту жасалады. Ал қайталанса 40 АЕК, яғни 147 680 теңге айыппұл арқалайды. Ал үстіне белгілі бір соммада пайыз қосып аудару заңға қайшы. Тұтынушы бұл жағдайда өз құқығын біліп, фискальды чек талап етуге міндетті, – деген жауапты естідік. Егер сізден кәсіпкер немесе сатушы қолмақол ақшасыз төлем қабылдаудан бас тартып яки талап етсе, тұтынушы мемлекеттік кірістер органдарына шағымдануға болады.
– Жаңа жылдан бері кейбір такси жүргізушілері де қолма-қол ақша талап ете бастағаны белгілі. Жеке тасымалдаушылар жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі керек. Осылайша, әділдік және міндетті салық салу принциптері жүзеге асады, яғни, барлық салық төлеушілер тең болып, алынған табыстан салық төлеуі тиіс, – деді Б.Бауыржанұлы. Міне оқырман баршамызды мазалап жүрген мәселенің мәнісі осындай. Сондықтан анау айтты деп мобильді аударымдардан үркудің қажеті жоқ. Әр адам өз жолын біліп, талап етуге құқылы.
С.БАХТИЯРҚЫЗЫ