Қазақстанда уақыт белдеуін өзгерту туралы шешім қабылданды
Сауда және интеграция министрлігінің хабарлауынша, "Қазақстан Республикасының аумағында уақытты есептеу тәртібі туралы" Үкімет қаулысына өзгерістер енгізіледі.
"Өзгерістерге сәйкес, 2024 жылғы 1 наурызда сағат 00:00-ден бастап елдің бүкіл аумағындабірыңғай уақыт белдеуі орнатылады. Осылайша, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына 5-ші уақыт белдеуі (UTC+5) қолданылады.
- Қазақстанда 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап не өзгереді
- Бірыңғай уақыт белдеуіне көшуді дауыс беру арқылы шешуге болмайды – сарапшы
Қазіргі таңда Қазақстанда UTC+5 және UTC+6 екі уақыт белдеуі бар. Ел аумағының көп бөлігі (батыс облыстарды қоспағанда) UTC+6 аймағында орналасқан.
Айта кетейік, бұған дейін “Аманат" партиясы фракциясының мүшесі Еркін Әбіл Қазақстан аумағында бірыңғай сағат белдеуін енгізу туралы ұсыныс айтқан еді. 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні Қазақстан аумағында бірыңғай сағат белдеуін енгізу ұсынылған еді. Мамандар мұның денсаулыққа пайдасын айтты.
https://stan.kz