Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен кадрлық өзгерістерге байланысты актив отырысында жаңадан тағайындалған облыс әкімінің орынбасары таныстырылды.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен және облыс әкімінің өкімімен Жаханов Бахыт Дүйсенұлы облыс әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

Облыс әкімі Бахыт Жахановтың қызметіне сәттілік тіледі.

«Бахыт Дүйсенұлы – аймақтың әлеуметтік-экономикалық ахуалымен етене таныс, мемлекеттік қызметтің барлық сатысынан өтіп, басқарушылық лауазымда мол тәжірибе жинаған әлеуеті жоғары кадр. Бұған дейін де басқарма басшысы, аудан әкімі, облыс әкімінің орынбасары лауазымдарында нәтижелі қызмет көрсеткен. Жаңа қызметте ауыл шаруашылығы және жер қатынастары, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу, ветеринария, құрылыс және сәулет, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғаныс салалары мен Жаңақорған, Шиелі аудандарына жетекшілік жасайтын болады. Іскер басшы ретінде өз жұмысын жоғары деңгейде атқарады деп сенемін», – деді аймақ басшысы.

Актив отырысында облыстық қоғамдық кеңес төрағасы Әріп Хожбанов, Қызылорда облыстық мәслихатының төрағасы Наурызбай Байқадамов Бахыт Дүйсенұлын жаңа қызметімен құттықтады. Өз кезегінде, облыс әкімінің жаңа орынбасары аймақ басшысына сенім білдіргені үшін алғысын жеткізді.

Айта кетейік, бүгінгі кадрлық өзгерістерге сәйкес облыс әкімінің орынбасарлары мен аппарат басшысы арасындағы міндеттер бөлінісі қайта бекітілді.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Жаналинов Данияр Еренғалиұлы экономика және қаржы, мемлекеттік сатып алу, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, кәсіпкерлік, сәулет-құрылыс бақылау және еңбек қатынастары салалары мен Қызылорда қаласына жетекшілік жасайды. Қылмыстың алдын алу мен қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін болады.

Облыс әкімінің орынбасары Шермағанбет Мейрамбек Зинабдинұлы білім, жұмыспен қамту және денсаулық сақтау, спорт және туризм салаларына, Жалағаш, Сырдария аудандарына жетекшілік жасайды.
Облыс әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі Нұртай Қайрат Ырзақұлұлы Арал, Қазалы, Қармақшы аудандарына жетекшілік жасайды.

Облыс әкімі аппаратының басшысы Байманов Шахмардан Асқарұлы аппарат қызметіне басшылық жасаумен қатар, өңірдің қоғамдық-саяси саласына, оның ішінде қоғамдық даму, мәдениет, дін мәселелері мен цифрландыру салаларына жетекшілік етеді.

Бахыт Жаханов 1974 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Қызылорда политехникалық институтын «Экономист-менеджер» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1999 жылы облыстық ауыл шаруашылығы департаментінің жетекші маманы болып бастап, әр жылдары осы департаментте түрлі лауазымдарда жұмыс жасаған. 2002-2008 жылдары облыстық білім және экономика басқармаларында бөлім басшысы, облыс әкімі аппаратының бас инспекторы, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменті директорының орынбасары лауазымдарында нәтижелі қызмет көрсетті. 2008-2022 жылдары Қазалы ауданының әкімі, екі реттен облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы және облыс әкімінің орынбасары ретінде тұрғындардың өзекті мәселелерін шешу жолында аянбай еңбек етті.

2022 жылдың сәуір айынан бастап осы кезге дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарып келді.

©Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
15 қаңтар 2024 ж. 307 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

№76 (9240)

24 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031