ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен кадрлық өзгерістерге байланысты актив отырысында жаңадан тағайындалған облыс әкімінің бірінші орынбасары таныстырылды.
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен және облыс әкімінің өкімімен Жаналинов Данияр Еренғалиұлы облыс әкімінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды.
Облыс әкімі Данияр Еренғалиұлының қызметіне сәттілік тіледі.
«Данияр Жаналинов бұған дейін Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстары бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы, ҚР Қаржы вице-министрі, осы министрліктің Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы лауазымдарында болған. Қыркүйек айынан бері облыс әкімінің орынбасары қызметін абыроймен атқарып келеді. Данияр Еренғалиұлы аймақтың әлеуметтік-экономикалық өркендеуі жолында министрліктермен бірлесіп, республикадан қаржы тартуда саладағы мол тәжірибесі мен кәсібилігін көрсетеді деп сенеміз», – деді аймақ басшысы.
Актив отырысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұрат Ергешбаев, Қызылорда облыстық мәслихатының төрағасы Наурызбай Байқадамов, Жаңақорған ауданының әкімі Мұрат Тілеуімбетов жаңа қызметке тағайындалған әріптестерін құттықтады.
Данияр Еренғалиұлы 1975 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Қазақ көлік және коммуникация академиясын «Инженер-экономист» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2000 жылы Алматы облысы Талдықорған қаласы бойынша салық комитетінің салық инспекторы болып бастаған. 2002-2010 жылдары Алматы облысы бойынша салық комитетінде салық инспекторы, жетекші, бас салық инспекторы, бөлім басшысы және департамент бастығының орынбасары қызметтерін атқарған. 2010-2014 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің басқарма басшысы, 2014-2018 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы, 2018-2021 жылдары Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болған.
2021-2022 жылдары ҚР Қаржы вице-министрі. 2022 жылдың тамыз айынан бастап ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы, 2023 жылдың қыркүйек айынан бері облыс әкімінің орынбасары қызметтерін атқарып келді.
©Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі