Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Роналду «Әл-Насрға» қатысты ойын айтты

Роналду «Әл-Насрға» қатысты ойын айтты


Фото: championat.com

Футболдан Португалия құрама командасының шабуылшысы Криштиану Роналду Royanews басылымына «Әл-Наср» клубына қатысты алдағы жоспарын айтты.

Роналду Сауд Арабиясында өмірінің бір бөлігін өткізіп жатқанына еш өкінбейтінін, керісінше, клубқа ертерек ауыспағанына өкінетінін жасырмады.

«Әл-Наср» – тамаша клуб. Командамызға да ығайлар мен сығайлар жиналған. Осындай дүниежүзінің түкпір-түкпірінен таңдаулы ойыншылар бас қосқан командада ойнап жатқаныма қуаныштымын. Мен осы бір үлкен клубпен үлкен жетістіктерге жеткім келеді. «Әл-Насрға» ертерек ауыспағаныма қатты өкінемін. Дегенмен команданы биік шыңдарға шығаруға бар күш-жігерімді саламын, – деді ол.

Португалиялық футболшы Еуропаға үлгеріп бермеген күш-жігерін «Әл-Насрға» 2 есе көп жұмсайтынын, осы жолда талмай еңбектенетінін айтты.

Еске сала кетсек, биыл шілде айында Роналду Еуропа клубтарында енді ешқашан футбол ойнамайтынын, қарт құрлықтың ұлттық чемпионаттары сапасы жағынан нашарлап кеткенін айтқан болатын.
20 желтоқсан 2023 ж. 60 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№38 (9202)

14 мамыр 2024 ж.

№37 (9201)

10 мамыр 2024 ж.

№36 (9200)

06 мамыр 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031