Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «СЫР БАРЫСЫМЕН» КЕЗДЕСУ

«СЫР БАРЫСЫМЕН» КЕЗДЕСУ

Жастайынан спортты жанына серік етіп, алдына қойған мақсатын нәтижеге жеткізген спорт саңлағы Нұрым Сәлімгереев аудан жастарымен кездесті.
Жиын «Шиелі ауданының қоғамдық даму бөлімі» КММ-нің қолдауымен «Jastar» дамыту орталығы ЖҚБ-нің ұйымдастыруымен өтті. Шарада жастармен жұмыс жасау бөлімінің басшысы Шыңғыс Талғатұлы модератор ретінде кездесуді ашып, жүргізіп отырды.
Айта кету керек, Н.Сәлімгереев киелі Қарақұм топырағынан түлеп ұшып, ауылдағы қазақ күресі бөлімшесінен тәрбиеленіп, самбо, дзюдо күресін меңгерген. Тынымсыз жаттығу мен шеберліктің арқасында ел үмітін ақтап, талай жарыстарда жеңімпаз атанған. Республикалық «Жас барыс», облыстық «Сыр барысы» турнирлерінде оза шапқан. Бірнеше мәрте республикалық «Қазақстан барысы» турнирінде боз кілемде кіл мықтылармен белдесіп, «Алтын белбеу» жеңіп алған. Әрмен қарай өзін шыңдап халықаралық дәрежеде биіктерден көрінген.
Сөз кезегін алған палуан спортта алдымен ерік-жігердің мықтылығы маңызды екенін жеткізді.
– «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» демекші, еңбекқор адам әрқашан еңбегінің жемісін көреді. Дәл сол секілді менің жетістіктерім мен жеңістерімнің сыры – ол еңбекте. Одан кейін, әрине, жақын адамдардың қолдауы. Жастарға айтарым, спортқа қызығыңыздар. Жаттығудан қалмай, үнемі дайындалсаңыздар, үлкен белестерді бағындыратын мүмкіндіктеріңіз бар. Сондықтан армандарыңыз асқақ, мақсаттарыңыз айқын болсын, – деді.
Сонымен қатар спорт сүйер жас­тардың сұрақтарына жауап беріп, қазақ күресінің техникалары мен тәжірибелерін бөлісіп, шеберлік-сыныбын көрсетті.
Бас қосуда Шиелі ауданының қоғамдық даму бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналды мемлекеттік мекемесінің бас маманы Ынтымақ Қаппаров Сыр барысына сәттілік тілеп, осындай кездесулер жалғасын таба берсін деп кешті қорытындылады.

Айнұр ИБРАШЕВА
04 желтоқсан 2023 ж. 91 0

Қоғам

ШАРАПАТЫ МОЛ ШАРА
04 мамыр 2024 ж. 72

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (9198)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (9197)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031