Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда 20 жылдан бері болмаған жылы қыс болуы ықтимал

Қазақстанда 20 жылдан бері болмаған жылы қыс болуы ықтимал


фото: Qazaqstan TV

Синоптиктер биыл күз мезгілі кейінгі жылдармен салыстырғанда әлдеқайда жылы болатынын болжады. Мамандар алдағы қыс 2001-2002 жылдардағы қыс мезгіліне ұқсайтынын айтады, деп хабарлады КТК арнасы.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері елімізде екпіні секундына 28 метрге жететін жел соғады. Солтүстікте бұрқасын, көктайғақ күтіледі.

Мамандардың айтуынша, желтоқсан, қаңтар және ақпан айларындағы ауа райына Атлант мұхиты аймақтарынан ылғалды ауа массалары әсер етеді. Сондықтан Қазақстанда 20 жылдан бері болмаған жылы қыс болуы ықтимал.

Дегенмен сарапшылар мұны аномалия деп санамайды.

«2023-2024 жылдардың қысы 2001-2002 жылдардағы қыс сценарийіне ұқсас болмақ, яғни жылы және жауын-шашын көп болады. Алдағы қыста Қазақстанда температуралық фон климаттық нормадан 1-2 градус жоғары болады деп күтіледі. Көпжылдық мәліметтер бойынша, қыс жылы болған жылдары орташа температура нормадан 4-10 градусқа жоғары болған», – деді «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Исмағұлова.

Синоптиктер Қазақстанда жаңа жылдың басында қар жиі жауатынын болжады. Еліміздің солтүстігі, шығысы мен орталығында қатты аяз болуы мүмкін. Термометр -17 градусқа дейін төмендейді. Бұл айларда оңтүстік өңірлерде ауа райы нөлден жоғары болады.
Метеорологтер биыл көктем де жылы болатынын айтты.
23 қараша 2023 ж. 250 0