Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » САСЫҚ ШАЛШЫҚТАН ҚҰТЫЛАР КҮН ТАЯУ

САСЫҚ ШАЛШЫҚТАН ҚҰТЫЛАР КҮН ТАЯУ

Жол – күн тәртібіндегі күрделі мәселенің бірі. Әсіресе, орталық көшелерін нөсер және дренаждық кәріз жүйесімен қамту мәселесі ауданда өте өзекті еді. Бұл тақырып басылым бетінде талай көтерілді.
Оған 11 сәуірде шыққан газеттің №29 саны дәйек. «Көлшікке айналған көшелер» деп аталатын мақалада тұрғындардың жанайқайын жеткіздік. Соңғы жылдары аудан көшелерінде құрылыс көптеп қолға алына бастағалы көшелер тарылып, бұрынғы бос аумақтарда көпқабатты ғимараттар салынды. Кезінде көше бойымен ағып кете беретін жаңбыр суы ойпаң жерлерде жиналып, апталап жатып алатын. Мұндай проблемалар Рысқұлов, Абылай хан, әл-Фараби, Байтұрсынов пен Дәулеткерей және тағы да басқа көшелерде көп. Жоғарғы қабатын үнемі ылғал басып жатқан соң кейбір асфальт жолдар шыдас бермей, опырылып түсетінін де көзіміз көрді. Бұл шұңқырларға абайсызда жеңіл автокөліктер түсіп кетіп, материалдық тұрғыдан зардап шеккен иелер тағы бар. 1 сағатқа жетер-жетпес жауған жауынның салдарынан көшелер көлшікке айналатын. Жаяу жүрмек түгілі, көлікпен өтудің өзі мұң. Мәселе – жаңадан салынған жолдардың көбінде кәріз жүйесі мүлдем ескерілмегендіктен.
Енді Шиелі тұрғындарын қуанышқа бөлейтін жаңалық бар. «Құдық қазсаң, көлді қаз, көл суалмай таусылмас» деп Ақтамберді жырау жырлағандай, аудан көшелеріне көптен күткен кәріз жүйесі салынды. Мақсат – көшелерді нөсер және дренаждық кәріз жүйелерімен қамтамасыз ету, су жиі басатын аумақтардың жағдайын жақсарту, жол жабындарын, ғимараттардың іргетастары мен негіздерін сақтау. Несін жасырамыз, соңғы 5 жыл көлемінде ­ауданда жол жөндеу жұмыстарының мардымсыз екенін тұрғындар жиі айтушы еді. Енді міне, тарылған көшелер кеңейіп, суағар жүргізіліп, салынған жолдың қалыңдығы көпті қуантуда.
Алланың елшісі Мұхаммед (с.ғ.с.) «Адам өлген соң оның үш амалынан басқасы тоқтатылады. «Біріншісі – жүріп тұратын садақасы, екіншісі – ­тастап кеткен пайдалы білімі, үшіншісі – өзіне дұға етіп отыратын соңына қалдырған ұрпағы» деген. Хадистегі «жүріп тұратын садақа» – адамдар алғыс айтып, күнделікті пайдаланатын көпір көтеру, жол салу, мешітпен бірге құдық қазу, су құбырын жүргізу, қайырымдылық мақсатта емхана, асхана, мектептер салу және тағы басқа. Адамдар бұл ғимараттарды пайдаланған сайын, сауабы солардың көтерілуіне демеушілік қылған азаматтарға, иелеріне, құрылысшыларға, жалпы соған себепші болған кісілерге жетіп отырады. Бұлардың сауабы мен марапаты осы дүние мен ақыретте беріледі екен. Ендеше, осындай қайырлы, игілікті істің сапалы һәм уақытылы аяқталғанын тіледік.

С.МАДИЯРОВА,
Б.БӘЙІМБЕТ
11 қазан 2023 ж. 309 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930