Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » XIX Азия ойындары: Қазақстан құрамасы Қытайға барды

XIX Азия ойындары: Қазақстан құрамасы Қытайға барды


Фото: CFP

Қазақстан құрамасы XIX жазғы Азия ойындарына қатысу үшін Қытайдың Ханчжоу қаласына барды.

Қытайға спортшылар мен команда өкілдері Алматыдан чартерлік рейспен жетті. Азиадаға бірінші болып бокс, жүзу, үстел теннисі, үлкен теннис, нысана көздеуден, су добынан әйелдер құрамасы, семсерлесу, спорттық гимнастика, дзюдо, регби-7, гандболдан ерлер командасы аттанды. Енді бұдан басқа да спортшылар жарысқа қатысу кестесіне сәйкес келе бастайды.

Қазақстан құрамасында барлығы 525 спортшы бар. Олар спорттың 30 түрінен жарысқа шығады. Оның 27-сі – олимпиадалық спорт түрі. 

Биылғы Азия ойындары Ханчжоуда 54 спорт аренасында өтеді. Командалардың иелігінде 31 жаттығу базасы болады.

Олимпиадалық штаб қызметкерлері ұлттық құрамалардың Олимпиада қалашығындағы барлық қажетті рәсімдерден жедел өтуін қамтамасыз етті. Барлық спортшылар орналастырылып, жарыстарға дайындықты бастап кетті. Спортшылар мен команда мүшелері Ханчжоуда негізінен спорттық қалашыққа орналасты. Сондай-ақ Чжэцзян провинциясындағы 5 шағын атлетикалық қалашықтан орын тепті. Спортшылар үшін спорт қалашығының аумағында жаттығуына, серуендеуіне барлық қолайлы жағдай жасалған. Әр командаға дәрігерлер, массажист терапевтер мен психологтар бекітілген, – деді ҰОК бас хатшысы Андрей Крюков.

Еске сала кетсек, Азия ойындары Ханчжоуда 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында өтеді. Медальдар спорттың 40 түрінен ойнатылады. Бұл жерде келісі жылғы Олимпиадалық ойындарға қатысуға лицензиялар таратылады.
21 қыркүйек 2023 ж. 231 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031