Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 2022 жылғы Азия ойындары Қытайдың Ханчжоу қаласында өтеді

2022 жылғы Азия ойындары Қытайдың Ханчжоу қаласында өтеді


Ханчжоуда өтетін Азия ойындарының ұйымдастырушылары Джакартадағы Азия ойындарының жабылу салтанатында АОК-тың туын ресми түрде қабылдап алды. Келесі Жазғы Азия ойындарын Қытайдың Ханчжоу қаласы қабылдайды. Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі хабарлайды.
19 тамыз күні Джакартада өткен Азия Олимпиада кеңесінің Бас ассамблеясында Азия ойындарының жаңа тарихы басталатыны айтылды. 
Ресми өкілдердің хабарлауынша, Азия ойындары спортшылар мен қонақтар үшін есткен кетпес оқиғаларға толы болмақ.
Жақын арада Ханчжоуда қосымша теміржол ашылып, метро станциялары көбейтіледі. Мұның бәрі Азиадаға дайындық барысында іске аспақ.
2022 жылғы Азия ойындары қаланың жаңа тынысын ашпақ. Азия Олимпиада кеңесімен бірлесе отырып, біз Ханчжоуда табысты әрі естен Азия ойындарын өткіземіз деп ойлаймын
, – дейді Ханчжоу қаласының өкілі. 2022 жылы Ханчжоуда өтетін Азия ойындарының бағдарламасына 2020 жылғы Токио Олимпиадасындағы 33 спорт түрі енеді. Сонымен бірге 2024 жылғы Париж Олимпиадасының бағдарламасына енетін алты спорт түрі мен жергілікті ұйымдастыру комитеті ұсынатын екі спорт түрі де Азиада бағдарламасының тізімінде.
АОК Спорт комитеті халықаралық жүзу федерациясы бекіткен барлық бағдарламаны Азия ойындарының жарыс кестесіне қосты.
Хуанчжоудағы Азия ойындары Қытай тарихында өткізілетін үшінші Азиада болмақ. Бұған дейін 1990 жылы Бейжіңде, 2010 жылы Гуанчжоуда құрлықтың кішігірім Олимпиадасы өткен болатын.
2022 жылы Ханчжоуда өтетін Азия ойындарының ұйымдастырушылары Джакартадағы Азия ойындарының жабылу салтанатында АОК-тың туын ресми түрде қабылдап алды.
Еске сала кетейік, 2 қыркүйек күні Индонезияда XVIII Жазғы Азия ойындары аяқталды. Қазақстан құрамасы барлығы 76 медаль жеңіп алды. Азиада төрінде еліміздің әнұраны 15 рет шырқалып, 17 спортшымыз күміс, 44 спортшымыз қола жүлдегер атанды. Командалық есепте Қазақстан 9-орынға табан тіреді.
baribar.kz
03 қыркүйек 2018 ж. 1 214 0