Қазақстанның сегіз қаласында ауа жоғары деңгейде ластанады
Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Синоптиктер еліміздің сегіз қаласында ауадағы ластаушы заттардың мөлшері артады деген болжам жасады, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
Дүйсенбі, 18 қыркүйекте Алматы, Қарағанды, Теміртау, Петропавл, Павлодар, Өскемен, Риддер және Ақтөбе қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай болжанды.
Қолайсыз ауа-райы жағдайлары (ҚАЖ) – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиян (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тыныш, аз жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚАЖ кезінде елді мекендердегі атмосфера ауасының сапасы нашарлауы мүмкін.
Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі – синоптикалық жағдайды болжау (жел, жауын-шашын, ылғал, ауа температурасы).
Бір күн бұрын синоптиктер 18 қыркүйекке болжам жасап, Астана мен Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланғанын хабарлады.