Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 2024 жылы пойыз билеттері тағы 7%-ға қымбаттайды

2024 жылы пойыз билеттері тағы 7%-ға қымбаттайды



Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ басқарма төрағасы Жәнібек Тайжанов айтты, деп хабарлайды baq.kz

Билет бағасы жыл сайын индекстеліп отырады. Бізде оны реттеп отыратын уәкілетті орган бар. Олар бізге 7 пайызға көтеруді ұсынып отырады, - деп айтты Жәнібек Тайжанов.

Пойыз билеттері биылдың басында да 7%-ға өскенін еске сала кетейік.

Былтыр динамикалық баға белгілеу тарифін енгізген едік. Жолаушыларымызға билетті ерте сатып алуға мүмкіндік бердік. Бізде билеттерді сату 45 күн бұрын басталады. Егер азамат билетті сатылым ашылғаннан күннен бастап 10 күн ішінде сатып алса, оған 25 пайыз жеңілдік жасалды. Ал егер билет жол жүруге аз күн қалғанда сатып алынса, онда билет керісінше 25%-ға қымбатқа сатылды. Мұндай тариф былтыр 1 маусымға дейін болды. Өте ыңғайлы жүйе болғандықтан, адамдар билетті жеңілдікпен ертерек сатып ала бастады, - дейді Жолаушылар тасымалы басшысы.

Тайжанов мұндай жүйенің тиімді болғанын айтты. Себебі «Жолаушылар тасымалы» азаматтардың қай бағытқа көп баратынын ертерек білсе, соған қарай вагондар санын көбейтуге мүмкіндік болған.

Бірақ қазіргі күні нақты шектеулерге байланысты мұндай акция жалғасып жатқан жоқ.
21 тамыз 2023 ж. 178 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№18 (9182)

02 наурыз 2024 ж.

№17 (9181)

27 ақпан 2024 ж.

№16 (9180)

26 ақпан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031