Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Заңсыз орналастырылған жарнамалар алынуда

Заңсыз орналастырылған жарнамалар алынуда



Соңғы кездері жеке немесе заңды тұлғалар, оның ішінде жеке кәсіпкерлер сыртқы жарнама ілудің заңдылықтарына қарамастан өз қалауларынша жарнамаларды іліп жұмыс жасауда. Олар жарнама конструкциясының тазалығына, эстетикалық және техникалық жай-күйіне мән бермегеннен бөлек, мемлекеттік кірістер департаментіне салық төлеуден жалтарады.

Сонымен қатар, заңмен тиым салынған жарнамаларды (алкогольдік, темекі-табак өнімдерін,) орналастырады.Осы мәселелерге орай, қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі мен мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері бірлесе қала көлемінде заңсыз орналастырылған және шаһардың сәулеттік келбетіне кері әсерін тигізетін сыртқы көрнекі жарнамаларға мониторинг жүргізді. Нәтижесінде бірқатар кемшіліктер анықталып, жарнама иелеріне заңға сәйкес тиісті шаралар көрілді.

Бұл ретте, жауапты бөлімге сыртқы көрнекі жарнама нысандарын орналастыруға хабарлама немесе өтініш берілмеген жағдайда, ілінген жарнама рұқсатсыз, яғни – заңсыз, өз бетінше ілінген жарнама болып саналады. Бұл бағыттағы рейдтік жұмыстар күнделікті жүргізіледі.
21 тамыз 2023 ж. 286 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (9450)

03 қараша 2026 ж.

№82 (9449)

29 қазан 2026 ж.

№81 (9448).

24 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30